kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2888900
Бір айда242867
Бір аптада56722
Кеше3896
Тәулік451
«Рауан - 2018» балалар мектепке дейінгі шығармашылығының қалалық фестивалін өткізу туралы
03-04-2018 11:12

Павлодар қаласының білім беру бөлімімен 2018 жылғы сәуір айында «Рауан - 2018» балалар мектепке дейінгі шығармашылығының ХІV қалалық фестивалі өткізіледі.
Мақсаты - эстетикалық тәрбие беру, жас өнерпаздарға қолдау көрсету, шығармашылық көркемөнерді дамыту.
Фестиваль 2 кезеңде өткізіледі.
1-кезең – іріктеу туры ағымдағы жылдың 4 - 6 сәуірінде № 2, 23, 35, 96, 111, 126 сәбилер бақшаларында өткізіледі.
1-іріктеу турында 69 мектепке дейінгі ұйымдардан, сондай ақ ЖОМ жанындағы 11 шағын орталықтардан 4 тен 7 жас аралығындағы 770 бала қатысады.
1-іріктеук турының бағдарламасында тәрбиеленушілер 128 шығармашылық қойылымдарын ұсынады, соның ішінде 55 номер «Вокал» жанрында, 36 - «Хореография», 33 - «Көркем сөз оқу (мәнерлеп оқу)», 4 - «Аспаптық».
2-іріктеу кезеңі 11 сәуірде сағат 10.00-де Құрманғазы атындағы №1 Балалар музыкалық мектебінде өтеді (1-май көш., 33).
2018 жылғы 19 сәуірде сағат 15.00 «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы мен мәдени бос уақытты өткізу орталығының үлкен залында (Кутузов көшесі, 1) фестиваль лауреаттарын, 2-кезең жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізіледі.

Павлодар қаласының білім беру бөлімі