ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Фортепиано бөлімі оқушыларының орындауындағы виртуозды пьесалар
03-04-2018 12:26
Фортепиано бөлімі оқушыларының орындауындағы виртуозды пьесалар

Каникул күндері Павлодар қаласының Құрманғазы аттыңдағы №1 балалар музыка мектебінің фортепиано бөлімінің оқушылары «Музыкалық парнас» этюдын (виртуозды пьеса) үздік орындау конкурсына барды.

Конкурс қатысушыларының айналасы мейлінше кең болды. Конкурс кіші жас ерекшелік категориясы оқушылары (1-сынып) арасындағы жарыспен ашылды. І орынды Чистова Алиса, Зайнутдинова София және Садвокасов Жан иеленді. ІІ дәрежелі лауреат дипломын Нұрмұхамет Ділназ, ІІІ дәрежелі лауреат дипломын Коваленко Богдан және Смагулова Мария жеңіп алды.

Конкурсты орта жас ерекшелік категориясының оқушылары (2 - 3 сыныптар) жалғастырды. І орынды Ахметова Риза және Турганбекова Разия өзара бөлісті, ІІ орын Каменова Айганым және Садвокасова Айымға бұйырды.

Конкурстық бағдарламаны ересек жас ерекшелік категориясының қатысушылары (2 - 6 сыныптар) аяқтады. Жунусова Дана І дәрежелі лауреат атанды, ІІ дәрежелі лауреат атағына Любкивская Камила, Хусаинова Алтынай және Ушкова Виктория лайық болды. ІІІ орынды Казбекова Айна және Халимон Карина иеленді.

Барлық конкурсқа қатысушылар аса қызығушылық пен әртістік өнерлерін көрсетіп ойнап шықты. Алғаш рет жұртшылық алдында сахнада өнер көрсеткен балалардың жүздері ерекше қуанышпен бал-бұл жанды. Конкурсқа қатысушылар А. Николаев, К. Черни, А. Лешгорн, А. Гедик, С. Майкапар, Д. Кабалевский, Дж. Конкон, Э. Мак-Доуэл композиторларының пьесалары мен этюдтарын орындады.

Педагогтар Ольга Леонидовна Бобровская, Светлана Степановна Камкина, Светлана Степановна Рябовол, Татьяна Валерьевна Явловцева