ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалар суреттеріндегі Қазақстан халқының биі мен әні
04-04-2018 09:10
Балалар суреттеріндегі Қазақстан халқының биі мен әні

Павлодар қаласы № 2 Балалар көркемсурет мектебінде көктемгі демалыс уақытында «Менің халқымның биі мен әні» атты XVI блиц-байқауы жалпы орта білім беру мектептері арасында өтті. Сайысқа 10 - 13 жас аралығында № 1, 2, 4, 7, 9, 16, 21, 29, 39, 42 ЖОМ-нен 38 оқушысы ат салысты.

Қатысушыларымыз өз кезегінде әртүрлі техника мен материалдарды қолдана отырып, Қазақстан халқының биі мен әніне арналған композицияны 2 сағат ішінде орындаулары қажет еді.

Суреттерді бейнелеу аяқталған сәттен бастап әділ қазылар алқасы өз қорытындысын шығарды. Қатысушылар өз жұмыстарында ұлттық билердің пластикасын, динамикасын, әдемілігін көрсете алды. Көбінесе олар суреттерін фломастер, гуашь, акварель және түрлі түсті қарындаштарды қолдана отырып орындады.

Солардың ішінде әдемі және композициясы жағынан сауатты орындалған жұмыстар үшін 16 оқушы марапатталды, ал олардың ішіндегі 6 бала жүлделі орындарға ие болса, 10 оқушы тақырыпты ерекше орындағандары үшін аталып өтті.

I орынды 11 жастағы Лаура Алдабергеновамен (№ 42 ЖОМ), 12 жастағы Рашида Ибрагимова (№ 7 ЖОМ) жеңіп алды.

Ал II орынға 12 жастағы София Морозова (№ 21 ЖОМ) мен 12 жастағы  Дана Мусина (№ 2 ЖОМ) иеленді.

III орындармен 12 жастағы Дарья Нияскина (№ 7 ЖОМ) және 11 жастағы Әсел Қазбекпаева (№ 39 ЖОМ) марапатталды.

Сайысқа осы аталған лауреаттарды дайындаған оқушылардың 5 жетекшісі де марапатқа ие болды. (№ 2, 7, 21, 39, 42 ЖОМ).

Осы сайыс шеңберінде ЖОМ-нің бейнелеу өнері  ұстаздары үшін көркемсурет мектебінің білікті педагогтары екі шеберлік сабақтарын өткізді. Ольга Ивановна Ловинаның  тегіс және дөңгелек қылқаламмен «қосарланған жағынды» техникасында орындаған «Көкнәр» (көкнәр гүлінің кескіндемесі) сабағы орал-сібір кескіндемесіне арналған еді.

Ал Сәуле Бейбітхановна Пернебаева сәндік қолданбалы өнер сабағындағы қағаз және қатты қағаздың мүмкіндіктері туралы айтып өтіп, осы материалдармен жұмыс жасау тәсілдерінен әдістемелік ұсыныстар берді. Осы материалдардан орындаған мектеп оқушыларының өнімдері көрсетілді (қатты қағаз қабаттарының қаңқасы) қуыршақтар, маскалар, ашықхаттар, сыйлық орамалары, қозғалмалы қуыршақтар.