ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ағылшын тілінен халықаралық байқауының қорытындысы
09-04-2018 12:10
Ағылшын тілінен халықаралық байқауының қорытындысы

Павлодар қаласының № 20 лицей-мектебінің  8 - 11 сынып оқушылары қашықтық халықаралық «British Bulldog» ойын байқауына қатысты.

Оқушылар 75 минут аралығында ағылшын тілді елдердің  маңызды оқиғалары мен белгілі тұлғалары туралы тақырыптарға құралған  сұрақтарға жауап берді. Байқау тапсырмалары оқушылардың грамматика, лексика, тілді түсіну деңгейлерін тексереді. Қатысушылар тапсырмаларды жақсы орындап, ағылшын тілін тамаша меңгергендерін көрсетті. 57 қатысушының  53-і жүлделі орындарға ие болды.

Жүлдегерлердің арасында зияткерлік жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары, мектептің олимпиадалық командасы құрамына енген  Аружан Әлжанова, Варвара Власова, Дильназ Дүйсенбаева, Жәмиля Есенова, Георгий Курганов, Мәди Мұрат, Лидия Саенко бар.

«Оқушылардың табысы бағытты түрде   және жүйелі жүргізілген жұмыстың  нәтижесі », - деп есептейді ағылшын тілінің мұғалімі Меруерт Румбековна Смакова.