ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Санкт-Петербург Биеннал жеңімпаздары
10-04-2018 12:06
Санкт-Петербург Биеннал жеңімпаздары

Санкт-Петербург қаласында балалар мен жасөспірімдерге арналып өткізілген «Әріп-сөз-кітап» атты III халықаралық көркемсурет байқауына Қазақстан, Ресей, Түркия аймақтарынан 7 - 20 жас аралығындағы 2000-нан астам балғын суретшілер қатысты.

Ал әділ қазылар алқасы мүшесінің қатарына Ресей мемлекеттік мұражайының директоры В. А. Гусевпен қатар, құрметті суретшілер мен Ресейдің атақы ұстаздары мен арт-сыншылар кірді.

Сайыстың қорытындысы осы ағымдағы жылдың сәуір айының басында белгілі болды. Көркемсурет мектебінің екі оқушысы жеңімпаз атанып, олардың суреттері ең үздік жұмыстар альбомына енді.

14 жастағы Әлия Жұмағалиева компьютерлік графика техникасында орындаған «Кітап үлгісі» жұмысымен жеңімпаз грамотасымен марапатталды, оның жетекшісі ең білікті ұстаз Анжелика Николаевна Бамбуляк.

Әлия әртүрлі сайыстардың бірнеше реттік жүлдегері болып табылады. Ол 2018 жылдың ақпан айында облысымыздың 80-жылдық мерейтойына арналған «Туған өлкем Ертісім» атты қаламыздың облыстық көркемсурет мұражайында өткен сайыста «Көрермендер көзайымы» дипломын жеңіп алды.

Екінші жеңімпазымыз - 16 жастағы Марина Колесник (бүгінгі күні мектебіміздің түлегі) «Әріптер» жұмысын дарынды ұстазымыз Сәуле Бейбітханқызы Пернебаеваның жетекшілігімен, қара түскке боялған қалың қатырма қағазға тушь және ақ сырмен орындады.

Кітапты көркемдік безендіру - өнердің ең ерекше және өте күрделі жұмысының бірі болып табылады. Онда натюрморт та, пейзаж да, портрет те, сондай-ақ көркем жазу мен сәндік-қоланбалы өнер де бірігеді  және осы аталғандардың барлығынан тұтас бір әдемі де, сапалы композиция жасауымыз қажет. Ал біздің жеңімпаздарымыз осыларды жүзеге асыра алды - деді дирекордың тәрбие жөнінде орынбасары Оксана Валерьевна Сидоренко.

 Биенналдың қорытынды көрмесі А. С. Пушкин атындағы орталық кітапханың «Васильевскідегі» көркемсурет галереясы мен Санкт-Петербург қаласының Президенттік кітапханасында орын алды.