ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бизнес-идеялармен алмасу
17-04-2018 14:50
Бизнес-идеялармен алмасу

Павлодар қаласының мектептерінде оқушыларды қаржы сауаттылығына үйрету, экономикалық ойлауын қалыптастыру бағдарламасы  жобасының аясында «Халық банкі» АҚ серіктестік бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Теориялық сабақтарда банк мамандары оқушыларды SMS-банкингпен пайдалану, шотты қашықтық басқару, «my Halyk» мобильды қосымшасымен пайдалануына, Интернет желісінде төлеумен пайдалану мүмкіндіктеріне үйретті. Мектеп оқушылары бизнес-жоба жазу дағдыларын иеленіп, шағын және орта бизнестің қыр-сырын таныды.

Халық банкі практикалық сабақтарды өткізу үшін № 17, 36, 42  мектеп оқушыларының 2018 жылдың 15 ақпан күні Кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен кездесуін ұйымдастырылды. Кәсіпкерлер «Риск» ЖШС басшысы Кунах Николай Петрович, «Макет мастер Казахстан» ЖШС қаржы директоры Тезекбаев Булат Кабидоллинович түсінікті түрде оқушыларды кәсіпкерлік  негіздерімен  таныстырып, болашақта балаларға кедергі туғызатын өмірлік тәжірибесімен және проблемаларымен бөлісті. Сонымен бірге Мемлекеттік тарапынан шағын және орта бизнеске  көрсетілетін қолдау туралы айтты.

Сабақта оқушылар өз бизнес-жобаларын ұсынды. № 17 мектептің 10 сынып оқушылары Новиков Роман, Мастепанюк Алина, Абдрахманов Айдар «Ролл-балмұздақты жасау мен сату» бизнес-жобасын жариялады. Негізгі жобаның ұтымдылығы балмұздақтың тек табиғи балғын ингридиенттерден жасалуында, уақытты алмайды да қалада өзіне тең өнім жасаймайтынында.

№ 42 Әуезов атындағы мектептің 10 сынып оқушылары Абт Дмитрий, Шрейнер Виктория, Маршал Никита «Clean House» клининг компаниясын  жоспарлау мен жасауына қатысты - арнайы компания күшімен кәсіби үй, ғимарат жинау.  Бұл жобаның ұтымдылығы тарсырыс беретіндердің уақытын үнемдейтінінде. Олар жұмыс істегенде, үйінің тазалығын сақтау және үй-жайының жағдайымен  компания   айналысады. Оқушылар жобаның  кіріс және шығыс жағын, бүкіл кездесетін қауіптері мен шығындары есепке алып, бірінші жылғы қаржы жылжуын ұсынды. Ұсынылған есептер бұл бизнес түрі бір жыл ішінде шығыстың орнын толтырады  екенін көрсетті.

№ 36 мектептің 11 сынып оқушысы Артемов Никита  «Көңілді фермер» атты бизнес-жобасын ұсынды. Мұнда ол мектеп ғимаратында укроп, петрушка және көк пияз өсіріп, кейін қаланың кафе мен мейрамханаларға сату  идеясын жариялады.  Негігі жоба тапсырыс берушілер көк өнімді арзанырақ бағамен алуға мүмкіндік беруінде. Оқушы жобаның  кіріс және шығыс жағын, бүкіл кездесетін қауіптері мен шығындары есепке алып, бірінші жылғы қаржы жылжуын ұсынды.

Халық банк өкілдері және кәсіпкерлер оқушылардың жобаларын, кәсіпкерлікке деген қызығушылығын жоғары дәрежеде бағалап, конструктивті сұхбат жасауын атап өтті.

Мектептер мен Халық банк арасындағы серіктестік диалогтық алаң, саяхат, нақты жобаларды өндеу нұсқаларында өз жалғасын табады.