ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептерінде калифорниялық құрттарды өсіру бойынша жоба
18-04-2018 10:19
Қала мектептерінде калифорниялық құрттарды өсіру бойынша жоба

Биогумусты өсіру бойынша жобаны Павлодар қаласы № 30 ЖОМ-ның  8, 9-шы сынып оқушылары қолға алған. Шетелдік ерекше туристердің орта білім беру мекемесі қабырғасында  пайда болуы кездейсоқ емес, өйткені мектеп - білім ордасы ғана емес, сонымен бірге, мәселен, омыртқасыздарды зерттеудің және оларды өсірудің кіші ғылыми зертханасы десе де болады. Калифорниялық сақина тәрізді құрттарға деген қызығушылықтың оянуы тектен тек емес. Дәл осы аталмыш құрттардың түрі бағбаншылар үшін өз мінездемесінде ең бір әмбебап және экономикалық жағынан тартымды екендігі аян. Калифорниялық қызыл құрт өте қысқа мерзім арасында гумус деп аталатын органикалық заттектерін өндіруде «топырақ еңбеккерлері» өкілдерінің ішінде нағыз «стахановшы» деп танылған. Құрттың барлық органикалық қалдықтарды (көң, ағаш жоңқаларын, сабанды, ас қалдықтарын) өңдеудегі тамаша қабілетінің арқасында шымқай экологиялық, мінсіз, қалдықсыз тұйық технологияны жасауға болады:  органикалық қалдықтар - құрт - биогумус - өсімдіктерді өсіру – жануарларға өсімдік қалдығы - құрттар үшін көң. Бұл  құрттардың басқа да артықшылығы бар – құрт 16 жылға дейін өмір сүреді, өсіп-өніп көбеюі өте жоғары, аталмыш құрттар - жатырқамайды және өз «жатақханасынан» жан-жаққа қашып жорғалап та кетпейді, олардың керемет ашқарақтығы да айтарлықтай (бір құрт тәулігіне өз салмағынан екі есе артық тамақ жей алады). Құрттардан алынған биогумус өнімді бір жарым, екі есе ұлғайтады, тұқымның және өсімдіктердің өсіп-өнуін тездетеді.

Шетелдік еңбекқорды жоғары бағалаған № 30 мектептің оқушылары мен биологтары олармен жақынырақ танысуды ұйғарды. Осы мақсатта мектеп жанындағы үлескіні күту бойынша жоба құрастырды. Бұл жұмыс барысында оқушылар өсімдіктерді тек өсіріп қана қоймайды, сонымен бірге экожүйенің басқа да өкілдерімен танысады.

Жұмыс тобына енген 8, 9-шы сынып оқушылары  қамқорлыққа алынған калифорниялықтармен егжей-тегжейлі де жағымды танысудан  мектеп жылыжайында оларды өсіруге қажетті біршама жағдайлар туғызды: американдық еңбекқорларға қажетті ағаш ыдыс дайындап, онда құрт жақсы көретін көң, ағаш жаңқасы және ұсатылған жұмыртқа қабығы сияқтыбарлық дәмді тамақ түрлерін салды. Бұдан кейінгі уақытта оқушылар үстіміздегі жылдың маусым айына жоспарланған нәтижені тосуда.

Танымдық жобаның аралық қорытындысын жасай отыра, педагогтар құрттар тоқ болса, ал жас биологтар өзін зерттеуші сезініп, еңбектерінің нәтижесін күтуде болса, онда бұл жобаны тіршілік пен қызықтар әлемінде жаңа жетістіктерді ашу мен дамытудағы тамаша шығармашылық тандем деген қорытындыға келді. Және де оң нәтижеге қол жеткізетіндеріне сенімді.