ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Практикадаға инновациялар
20-04-2018 12:21
Практикадаға инновациялар

Павлодар қаласы білім беру бөлімі  эксперттік кеңесінің отырысында № 17 саралап оқытудың бейндік мектебінің инновациялық қызметіне қорытынды жасалды. Педагогикалық ұжым «Даму бағдарламасын іске асыру жағдайында ЖОМ қызметін жаңарту» проблемалық тақырыбы бойынша жұмыс істеуді аяқтады. Эксперттік кеңес мүшелеріне білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқу-тәрбие үдерісіндегі кәсіптендіруді ендірудің теориялық  және практикалық бөлімі ұсынылды.

Мектеп директоры А. Қ. Мәлікова бүгінгі таңдағы мектеп жағдайына SWOT-талдау стратегиясы арқылы сараптама жасады. ҒӘЖ бойынша мектеп директорының орынбасары О. Н. Баринова эксперименттік қызметінің ресурстық сүйемелдеуі туралы баяндады. 2016 - 2019 жылдарға арналған білім беруінің даму бағдарламасымен сәйкес  инновациялық қызметтің негізгі бағыттары анықталды.

Қала мектеп директорларының орынбасарлары  ішкі саралауды қамтитын көптілдікті іске асыру, ОТҮ сандықтандыруды ендіру, оқу жоспарындағы вариативті бөлігінің гимназиялық және бағдарлы компоненттері курстарының мазмұнды және әдістемелік сүйемелдеуін, стартап-жобалар жасауда қаржы сауаттылығын қалыптастыруын жоғары бағалады.

Осы бағыттардағы мектептің тәжірибесі қала және облыс деңгейінде жариялануға ұсынылды. Осыған орай, мектеп тұсында озық тәжірибені тарату қалалық алаңы қызмет етеді.

Педагогикалық ұжыммен мектептің жаңа республикасының білім беру жүйесіндегі инновациялық өзгерістеріне сай даму бағдарламасы зерттелген.