ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
№ 25 мектепте ағаш отырғызу бойынша сенбілік
23-04-2018 09:29
№ 25 мектепте ағаш отырғызу бойынша сенбілік

21 сәуірде өткен жалпы қалалық сенбілікті Павлодар қаласының № 25 жалпы орта білім беру мектебінің ұжымы қолдады.

Әсем әуен ырғағында мектеп ауласына күректер, тырнауыш пен сыпыртқыларын ала келген адамдар сенбілікке кірісті. Сенбілік еңбек мерекесіне айналды, себебі оған облыстық маслихат хатшысы Б. М. Бексейтова, педагогикалық еңбек ардагері З. П. Овчинникова, қалалық білім беру бөлімінің басшысы Г. Ш. Қадырбаева, № 25 орта мектептің алғашқы директоры Б. Ш. Жалмағамбетова, қалалық маслихат депутаты, № 25 мектептің бұрынғы директоры С. О. Айтказина, 2016 - 2017 оқу жылындағы № 25 мектептің басшысы Г. К. Бабыкова қатысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, қонақтар мен оқушылар мектеп маңына қарағай көшектерін отырғызды. Бұл игі іске сонымен бірге мектеп ардагерлері, түрлі халықаралық конкурс, олимпиада жеңімпаздары, новатор-ұстаздар, спорт, ән және би конкурсының жеңімпаздары қатысты. Ағымдағы жылы № 25 мектепке 10 жыл толады. Мектеп қабырғасынан ұшқан кезде олардың өскендерін тамашалау үшін, көшеттерді бірінші сынып оқушылары да отырғызды. Ағаштарды отырғызу процесіне «Асыл орта» қайырымдылық қорының өкілдері мен ата-аналар активі қатысты.

Мектеп директоры А. М. Арынгазина: «Біздің сенбілік үлкен мерекеге айналды. Мектеп ауласында бауырсақ, плов пісіріліп, самауырын қайнатылды. Сенбіліктен кейін барлық қатысушылар тағамдардан дәм татты», - деді.

Музыка мұғалімдері дайындаған мерекелік концерт әуені усолка шағын ауданы бойынша шырқалып, қатысушыларды сергітіп жіберді. Осы уақытта спортшылар түрлі спорт түрлерінен жарысты. Үлкен шахмат фигуралары көздің жауын алды, бозбалалар мен ерлер арқан тартып, асық ойнады, ал қыздар болса алтыбақанда тербелді. 

Уақыт зымырап өте шықты. Сенбілікке қатысушылар үлкен әсермен үйлеріне қайтты, олар кезінде сенбіліктер дәл осылай әсем әуенмен, бимен өткендерін естеріне алды.