Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Балалардың графикалық суреттеріндегі астана мерейтойы
24-04-2018 09:45
Балалардың графикалық суреттеріндегі астана мерейтойы

Павлодар қаласы № 2 Балалар көркемсурет мектебінде жуырда VII қалалық графика байқауы өтті. Осы жылы бұл сайыс Астананың 20 жылдық мерейтойына арналып, «Астанадағы ең бақытты күнім» және «Мен саяхатшымын» тақырыптары бойынша өтті.

Байқау негізінен тек көркемсурет мектептері үшін ұйымдастырылған еді, бірақ-та осы жылы сайысқа № 5, 7, 12, 24, 26, 39 ЖОМ оқушылары да ат салысты.

Қатысушыларымыз 50-ден астам жұмыстарында жай қарындаш, фломастер, түрлі түсті қарындаш, балауыз бор және аралас техниканы қолдана отырып осы заманға сай келген астанамыздың сәулет пейзажын әртүрлі графикалық техникада орындады.

Ал қорытынды көрме өте қызықты және есте қаларлықтай әсем болып шықты. 9 оқушы жас айырмашылығына қарай бөлінетін (7 - 9 жас, 10 - 13 жас және 14 - 18 жас) үш категория бойынша  жүлделі орындарға ие болды.

Әділ қазылар алқасы ерекше деп танылған оқушылар жұмыстарын атап өтті. №12 ЖОМ 11 жастағы оқушысы Жұлдыз Мәнкен, жетекшісі (Әсел Бекжігітқызы Бейсеева) «Менің қиялымдағы қала» атты жұмысымен II  орынға ие болды. Ал № 7 ЖОМ  12 жастағы оқушысы Әмина Хусайнова (жетекшісі Алмагүл Қабаевна Қожахметова) «Мен саяхатшымын» суретімен 3 орынды иеленді. Сондай-ақ жүлделі III орын 12 жастағы Айнели Ерболатқызының «Саяхат» жұмысына берілді (жетекшісі Бақытжан Сапарбекқызы Ахметова).

Сонымен қатар байқаудың 10 қатысушысы (№ 5, 12, 26, 39 және № 1, 2 балалар көркемсурет мектебі) тақырыпты ерекше ашқандары үшін дипломдарға ие болды.

Байқау жүлдегерлерін дайындаған 7 жетекші дипломдармен марапатталды (№ 7, 12, 24 ЖОМ, № 1, 2 (3) көркемсурет мектебі).

Ұлттық жаңғыру мектебінің оқушылары байқау қатысушылары мен оларды қолдауға келген жанкүйер, көрермендерге арнап өздерінің музыкалық базарлықтарын алып келді. Армиян және татар-башқор бөлімшесінің тәрбиеленушілері әсем ұлттық костюмдері мен қыздардың сыңғырлаған дауысымен көрермендерді  қуантты. Олардың орындауында «Менің отаным», «Күн адамы», «Туған елім» және «Орамал» әндері шырқалды.