ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Кәсіби шеберлік байқауының бас жүлде иегері
24-04-2018 16:56
Кәсіби шеберлік байқауының бас жүлде иегері

Облыстың салауатты өмір салтын ұстанатын орталығы «Денсаулықты нығайтуға әрекет жасайтын мектептің үздік ұстазы» байқауын өткізді. Мақсаты - дарынды ұстаздарды қолдау, денсаулықсақтау технологиясын меңгерген ұстаздардың инновациялық тәжірибесімен бөлісу.

Байқауға «Денсаулықты сақтауға бағытталған мектеп» жобасына қатысатын, сабақта сауықтыру әдісін қолданатын облысымыздағы жалпы орта білім беру мектептерінің 14 мұғалімі қатысуға ниет білдірді. Қатысушылардың құрамында еңбек өтілі 5 - 6 жыл болатын ұстаздар қатысты. 

Байқау 2 кезеңнен құрылды. Презентацияда тақырыптың кеңінен ашылуы, ұсынылған әдісі, жұмысқа деген ерекше көзқарасы, ерекше пікірі саналды. Сондай-ақ, тәжірибемен бөлісу, өз сабақтарында қолданатын сауықтыру әдісі туралы 5 минуттың ішінде айтып үлгеру болатын.

5 жеңімпаздың қатарында 2-нші кезеңге өткен Павлодар қаласының № 41 денешынықтыру-сауықтыру бағытындағы мектептің мұғалімі де бар. 2 кезеңде қатысушылар ашық сабақ жүргізді. Ұстаздар өз сабақтарында білім алушылардың дене бітімі мен ойлау қабілетін іске қосуға мүмкіндік беретін сауықтыру әдістерін, денсаулықсақтау технологияларын қолдануын көрсетті.   

Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша 2018 жылғы сәуірдің 19-ы кәсіби шеберлер байқауының Бас жүлде иегері Павлодар қаласы  № 41 ЖОМ-ның бастауыш сынып мұғалімі Наталья Николаевна Лунгу атанды. Наталья Николаевна 10 жылдан астам ұстаз болып қызмет атқарады, «Орыс тілінде сауат ашу сабағында сөздердің дыбыс талдауы мен жазба қабілетін қалыптастыру үрдісінде іс-әрекеттік амал» оқу құралының, «Әдемі жаз», «Дыбыстар әлеміндегі жұмыс дәптері» электронды құралының авторы болып табылады, Павлодар қаласы білім бөлімінің Құрмет мадақтамасымен марапатталған (2015 жыл).