ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық конкурстың І-дәрежелі дипломы
25-04-2018 12:56
Республикалық конкурстың І-дәрежелі дипломы

Еліміздің 14 педагогы Щучинск қаласындағы «Балдәурен» республикалық сауықтыру орталығында өткен ІІІ республикалық «Үздік дене тәрбиесі мұғалімі - 2018 конкурсына бес күнде ішінде қатысып, ең үздік мұғалім атағы үшін жарыс түсті. Негізгі мақсаты дене тәрбиесі мұғалімдерінің шығармашылық бастамаларын қолдау, кәсіби өсуіне ықпал ету, мұғалімдер еңбегінің мәртебесін арттыру іске асыру болып табылады.

Облысымыздың намысын 2018 жылғы ақпанда өткен конкурстың облыстық кезеңінің бас жүлдегері атанған Павлодар қаласының № 28 ЖОМ дене тәрбиесі мұғалімі Светлана Ивановна Давыдова қорғады.  Дене тәрбиесінің оқытушысы ретінде 26 жылғы еңбек өтілі бар Светлана Ивановна  республикалық кезеңде біздің облысымызды лайықты ұсынып, І дәрежелі диплом иегері атанды.

Ережеге сәйкес конкурс төрт тур бойынша өткізілді: «Шебер педагог» -  мұғалімнің кәсіби шеберлігінің таныстырылымы, «Жаңа мектепке - заманауи сабақ» - таныс емес сыныпта дене тәрбиесінің стандартқа сәйкес емес  сабағын өткізу, «Тиімді жұмыс тәжірибесі әркімнің тәжірибесіне» - авторлық бағдарлама ұсыну, «Достық стадионы» - спорттық іс-шара презентациясы.

Светлана Ивановна «Мини-теннис» бағдарламасын, «Воспитание скоростных способностей у детей младшего школьного возраста» әдістемелік ұсыным, «Использование метода круговой тренировки на уроках физической культуры в 4 - 5 классах» әдістемелік құрал (бірлескен авторлықта) авторлық бағдарламаларының авторы. Оның тәрбиеленушілері қалалық «Павлодар жұлдызы» теннистен мектеп лигасында жоғары тұғырды иеленді: Маслова Мария, Ракитина Екатерина, Щукина Ангелина, Месропян Милена I-орын (2015 жыл), Гантимурова Вероника, Гилазов Богдан, Бекенов Рамиль - II орын (2017 жыл).