Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Жас құтқарушылар жарысы
26-04-2018 11:39
Жас құтқарушылар жарысы

Суда құтқару көпкүресі бойынша «Жас құтқарушы - 2018» жарысы Павлодар қаласының № 41 денешынықтыру-сауықтыру бағытындағы ЖОМ-да өтті. Сайысқа 7 (№ 34, 36, 11, 9, 41, 39, 5) білім беру қала мектептерінен  24 бозбала қатысты.

Жарыстың қорытындысы бойынша І орынға № 41 ЖОМ командасы, ІІ орынға - № 11 ЖОМ командасы, ІІІ орынға - № 34 ЖОМ командасы ие болды. Командалар Облысымыздың төтенше жағдайлар бойынша департаментінің мадақтама мен медальдерімен марапатталды. Жеңімпаз команда атаулы кубокпен марапатталды.

Сайыстың ұйымдастырушылары Павлодар қаласының төтенше жағдайлар бойынша департаменті, Қазақстан Республикасы ішкі істер министірлігі, Жастар бастамасын дамыту орталығы мен № 41 ЖОМ болып табылады.

Жарыстың модераторлары қаланың төтенше жағдайлар бойынша департаменттің инспекторы Александр Олегович Фургунов пен№ 41 ЖОМ-ның дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Оксана АнатольевнаЛаврентьева.

Жарыстың шарты бойынша командалар суда құтқару көпкүресінің 5 қашықтығы бойынша түрлі тапсырмаларды орындады, соның ішінде аралас эстафета, кедергілермен жүзу,  түбінен манекенді көтеру және оны тасымалдау, Александрова құтқару оңғағын беру.