ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Өзін-өзі тану сабақтарындағы шығармашылық жұмыс
26-04-2018 16:57
Өзін-өзі тану сабақтарындағы шығармашылық жұмыс

Павлодар қаласының № 14 жалпы орта білім беру мектебінде 2018 жылғы 24 сәуір күні «Өзін-өзі тану сабақтарындағы шығармашылық және топтық жұмыс» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті.

Семинардың мақсаты - топтық жұмыстарды қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін дамыту үшін өзін-өзі тану сабақтарындағы жұмыстардың әдістері мен амалдары. Семинардың модераторы № 14 жалпы орта білім беру мектебінің өзін-өзі тану мұғалімі Людмила Викторовна Иваненко. Семинарға Павлодар қаласының № 1, 4, 5, 6, 9, 14, 15, 16, 18, 20, 21, 23, 24, 26, 29, 33, 34, 36, 38, 39, 40, 41, Кенжекөл жалпы орта білім беру мектептерінің 20 жуық педагогтары қатысты.

Семинарда модератор оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту бойынша педагогикалық зертхананы көрсетті, олардың сарамандық жұмыстарымен таныстырды. Мұғалімдер Отанға деген сүйіспеншілік, отбасындағы, ұжымдағы өзара қарым-қатынас туралы тақырыптарда шығармашылық жұмыстармен таныстырды. Семинарға қатысушылар шығармашылық тапсырмаларды орындау кезінде әр түрлі ойындарға қатысты. Семинар қорытындысы бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.