ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Білім беру көшбасшысы - 2018» сайысының қорытындысы туралы
27-04-2018 12:41
«Білім беру көшбасшысы - 2018» сайысының қорытындысы туралы

Мұғалімдердің шығармашылық белсенділігін ынталандыру мақсатында Павлодар қаласының білім беру бөлімі жыл сайын «Білім көшбасшысы» сайысын өткізеді.

Дәстүр бойынша сайыс білім алушылар мен ата-аналар, әріптестер  алдында білім беру саласындағы озық идеялар мен жобаларды жүзеге асыратын шығармашыл, ынталы, жігерлі білім беру мекемелерінің беделді басшыларын қолдау болып табылады.

Сайыстың басты шарты - білім беру жүйесіндегі басқару тәжірибесін тарату.

Іріктеу турына 16 мектептен 18 педагог қатысты. Қорғауға № 7, 20, 21, 22 (2), 24, 36 - мектептерден 7 педагог жіберілді.

Әділқазы мүшелері Павлодар мемлекеттік университетінің педагогика ғылымдарының докторы К. С. Мукушева, Инновациялық Еуразия университетінің аға-оқытушысы, магистр А. М. Утилова, әдістемелік кабинет меңгерушісінің орынбасары Г. Ш. Шиндлярская, білім беруді дамытудың инновациялық орталығы мен білім беру бөлімінің әдіскерлері болды.

Сайыс жүлдегерлері аталым бойынша анықталды:

«Кәсіпқой-менеджер» - Айгерим Габдувахитовна Балтабаева, Людмила Петровна Шопинская, Асель Сатыбалдиевна Шуленбаева № 24 ЖОМ директор орынбасарлары.

«Сапа шыңы» - Мирамгуль  Петровна Баядилова № 22 ЖОМ орыс тілі мұғалімі.

«Жетістік амалы» Алия Адамовна Кайкенова, Максим Иванович Шишлов № 21 ЖОМ директор орынбасары және тарих мұғалімі.

«Болашаққа бағытталған қадам» - Зауреш Дауленовна Ахмадова, Надежда Владимировна Копыльцова, Юлия Сергеевна Терлецкая, Марият Сулейбановна Магомедова, Ирина Григорьевна Алексеева № 36 ЖОМ әкімшілігі.

«Ашық әлем» - Ақжаркын Алимжановна Аужанова № 22 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі.

№ 24, 22 мектептердің «Әлеуметтік-педагогикалық кешен - тұлғаны әлеуметтендіру факторы» және «Мемлекеттік тілде оқытылатын мектептерде сыныптан тыс және орыс тілі сабақтарында этномәдени компоненттерді біріктіру» атты жобаларды облыс деңгейінде тәжірибелерін таратуға ұсынылды.