Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Гагарин атындағы мәдениет және демалыс саябағын көркейтейік
27-04-2018 18:06
Гагарин атындағы мәдениет және демалыс саябағын көркейтейік

Қаланы абаттандыру және санитарлық тазарту айлығы аясында 2018 жылғы 27 сәуір күні Павлодар қаласы  білім беру бөлімінің Экология және турзим орталығының ұстаздары мен түлектері, қаланың 4, 14, 24, 29, 30 ЖОМ оқушылары «Спецмашин» ЖШС-мен бірлесе отырып Гагарин атындағы мәдениет және демалыс саябағының аумағын тазартуға шықты. Шара оқушыларды қалалық саябақтың аумағын санитарлық тазарту жөніндегі шараға тартып, оған белсенді түрде қатысу мақсатында жүзеге асырылды.

Жұмыс басталардың алдында оқушыларға саябаққа қатысты жалпы  мәлімет берілді, саябақта мәдениетті түрде демалу және қауіпсіздік ережелері туралы айтылды.

Қолдарына қажетті құрал-сайман алған  оқушылар саябақ аумағында бір кісідей жұмысқа кірісті, олар қоқыс жинап, аумақты былтырғы жапырақтар мен шөптен тазартты, үйілген бұтақтарды реттеді. Оқушылардың игілікті ісінің арқасында бірнеше сағат ішінде саябақтың аумағы жаңарып, айнала тазарып, көркейе түсті.

Экология және туризм орталығының басшысы Салават Ботбайұлы Сейітқанов аталмыш шараның өздерінің еңбек десантының екінші кезеңі екенін, сондай-ақ «Спецмашин» ЖШС-мен үйлесімді жұмысқа қол жеткізілгенін атап өтті. Басшы ұйым демеуші ретінде  шараға қатысушыларды тәтті сыйлықтармен және  грамоталармен марапаттауды ұмытпайтынын айтты.

Еңбек десанты - саябақ аумағын тазарту жөніндегі шара ғана емес, сонымен бірге оқушылар мен ұстаздар ұжымының ұйымшылығын  арттыру жолындағы тамаша мүмкіндік.