26 сәуір күні № 28 ЖОМ-да қалалық сарапшылар кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Сарапшылар кеңесі мүшелерінің назарына оқу жоспарының нұсқалық бөлігіне сәйкес таңдау бойынша ашық сабақтар мен үйірмелер, сыныптан тыс шаралар, «Балабақша - мектеп - колледж - ЖОО - кәсіпорын» атты оқушылардың бейіналды және бейінді дайындық Желілік қауымдастығы» деп аталатын инновациялық әлеуметтік-оқыту жобасы аясындағы мектептің әлеуметтік серіктестері қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Мектеп директоры Мантықова Г. С. мектептің инновациялық жүйесін, тәрбие жұмысы жүйесінің мазмұны және бүгінгі күннің көрінісінің түйінді қағидаларын ескере отырып, жұмыс мамандықтарының қажеттілігі, жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы мектеп түлегінің түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселелерін назарға ұсынды.
Мектеп оқушыларына жоба аясында қарастырылатын мамандық таңдау мүмкіндігін кеңейтетін көптеген арнаулы курстар тақырыптары ұсынылды. Бұл сабақтарды мектебіміздің серіктес оқу орындарының оқытушылары беретіні айтарлықтай рөл атқаруда.
Қорытынды жасау және жұмыс нәтижесін, құзыреттіліктердің қалыптасқандығын, білім мен дағды деңгейін, жаңа жағдаятта алған білімдерін істе қолдану, ақпараттық біліктерінің дамығандығын анықтау мақсатында мектепте алуан жұмыс ұсынылды. Ол: Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы көмегімен серіктес кәсіпорындар мен колледжілерге топсеруендер ұйымдастырылды, Жобалар күнін өткізу, «Ақылдылар мен алғырлар» аллеясы, «Мамандықтар шеруі» конкурсы, ол сараптама кеңесі барысында тұсаукесері өткізілді.
«Мамандықтар шеруі» конкурсы - кәсіби бағдарлау жұмысының ұзақ мерзімді бағдарламасы, бұл жобада кәсіпорын - әлеуметтік серіктестер, сонымен қатар осы шараның демеушілері тығыз байланыста бірлесіп жұмыс атқарады.
Мектеп ұжымының қызметі формалары және инновациялық бағыты жұмысына сараптама кеңесі мүшелері жоғары баға берді. Дәстүрлі тамыз конференциясында мектеп тәжірибесімен бөлісуді ұсынылды.