ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқылымда функционалды сауаттылықты дамыту
02-05-2018 15:51
Оқылымда функционалды сауаттылықты дамыту

Павлодар қаласы білім бөлімінің  орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдер қоғамдамдастығы әдістемелік кабинеті «Оқылымда функционалды сауаттылықты дамытуда мәтін тәсіл ретінде » тақырыбына жұмыс жүргізеді. Соңғы екі жыл аралығында мұғалімдер өз тәжірибелерімен семинар-практикумда, тренингте, шеберлік сағаттарында,шығармашылық топтарда бөлісті. Шараның мақсаты - педагогтарды мәтіннің негізгі түрлерімен, мәтін арқылы функционалды сауаттылықты қалыптастыру сатыларымен, мәтінді түсіну  деңгейімен,мәтінді оқу стратегияларымен таныстыру.

Кезекті семинар-практикум №  20 лицей-мектебінде «Орыс тілі», «Орыс әдебиеті» пәндері арқылы жоғары сынып оқушыларында мәтіндік құзіреттілікті дамыту»тақырыбына өтті. Семинар жұмысына жоғары сыныпта жұмыс істейтін орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері қатысты.

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, А. С. Пушкин атындағы сыйлықтың лауреаты Вера Александровна Макишева «Мәтінтану» арнайы курсы сабағында  мұғалімдер өз практикасында оқылымның замануи стратегияларын қалай қолдану керектігін көрсететін интернет-ресурстардың презентациясын жасады. № 17 мектептің мұғалімі  «Мәтінтану» арнайы курс бағдарламасын құрсатырушы Надежда Петровна Рачинская «Мәтін компрессиясы» тренингін өткізді.

Оқу жылы жұмысының  қорытындысы ретінде орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің шығармашылық тобы мұғалімдерге көмек ретінде «Мәтінмен жұмыс» әдістемелік жинағын облыстық әдістемелік-дидактикалық құралдар байқауына ұсынды.