Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ағылшын тілі мұғалімдерімен өткізілген семинар-практикум
03-05-2018 11:01
Ағылшын тілі мұғалімдерімен өткізілген семинар-практикум

Павлодар қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен білім берудің мазмұнын жаңарту бағдарламасы аясында ағылшын тілі мұғалімдерімен іс-тәжірибе алмасу шарасы болып өтті. Оқу жылының барысында ұстаздар «Жаңартылған білім мазмұны жағдайларындағы қысқамерзімді жоспарлау» тақырыбында жұмыс жүргізді. 1, 2, 5, 7 сыныптармен жұмыс істейтін ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған қорытынды семинар-практикум № 16 лицей-мектебінің базасында ұйымдастырылды.

1-сыныпта өткен «Дене бөлігі» тақырыбындағы және 5-сыныпта өткен «Спорт» тақырыбындағы сабақтарда мұғалімдер Е. В. Кубасова және Д. Б. Баканова оқушылардың коммуникативті құзыреттілігін және мәдениетін, сондай-ақ оқушылардың түрлі - ауызша (сөйлеу), жазбаша (оқу және жазу) формаларда өздерінің сөйлеу мүмкіндіктерінің, сұраныстарының деңгейінде қарым-қатынас жасау қабілеті мен дайындығын қалыптастыру мәсеселері бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сабақтың коммуникативті міндеттеріне сәйкес қарым-қатынастың ауызекі сөйлесу жәнебасқа да құралдарын барынша кең тұрғыда пайдалану мәселелері де талқыланды.

2-ші деңгейлі сертификатқа ие мұғалім Н. Л.Полторадина «Қысқамерзімді жоспарлау» тақырыбында коучинг өткізді. Бұл шараның барысында қатысушы мұғалімдер топтарға бөлініп, сабақтың жоспарын құрастыру бойынша практикалық тапсырмаларды орындады.

Семинар соңында талқыланған мәселелер бойынша қатысушыларға әдістемелік нұсқаулықтар берілді.