ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Функционалдық сауаттылық бойынша зияткерлік байқау
03-05-2018 11:52
Функционалдық сауаттылық бойынша зияткерлік байқау

Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2018 жылы 28 сәуірде «Текстознайка» функционалдық сауаттылық бойынша I қалалық зияткерлік байқауы өткізілді. Мақсаты - математикалық және ғылыми жаратылыстану сауаттылығы, оқу мәдениетінің деңгейін көтеру, талантты және дарынды балаларды айқындау.

Байқауға қаланың 29 жалпы білім беру мектебінен 2, 3, 4 сыныптың 105 оқушысы қатысты, оның ішінде 45 мемлекеттік тілде және 60 орыс тілінде оқитын оқушылар.

Байқау 2 турда үш бөлім бойынша өткізілді - «Оқырмандар сауаттылығы», «Ғылыми жаратылыстану сауаттылығы», «Математикалық сауаттылық» (5 тапсырма бойынша).

Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар 44 жүлделі орын алды (6 диплом I дәрежелі, 18 диплом II дәрежелі, 20 диплом III дәрежелі). № 2, 4, 16, 17, 7, 9, 19, 29, 22, 30, 38, 39 мектеп оқушылары ең жоғары нәтиже көрсетті. I орын 2 сынып қатарында орыс тілінде оқитын - Илдырым Аныл (№ 29 ЖОМ), қазақ тілінде оқитын - Бекей Иманали (№ 2 ЖОМ), 1 орын 3 сынып қатарында орыс тілінде оқитын - Ковальчук Олег (№ 42 ЖОМ), қазақ тілінде оқитын - Беймбет Рауан (№ 22 ЖОМ), 1 орын 4 сынып қатарында орыс тілінде оқитын - Филиппенко Станислав (№ 9 ЖОМ), қазақ тілінде оқитын - Иксатов Ерасыл (№ 2 ЖОМ) иеленді.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің дипломымен марапатталды.