Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жаңарту жағдайында орыс тілі мен әдебиеті сабағы
04-05-2018 14:31
Жаңарту жағдайында орыс тілі мен әдебиеті сабағы

Оқу жылында Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің орыс тілі оқытушылары «Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында қысқа мерзімді жоспарлау» тақырыбында жұмыс істеді. Қорытынды семинар-практикум № 34 жалпы орта білім беру мектебінде 5, 7-ші сыныптарда жұмыс істейтін, орыс тілі мұғалімдері үшін өткізілді.

«Әрқашан күн сөнбесін» тақырыбындағы 5 сыныптағы ашық сабақтарда мұғалімдер Еленич Наталья Александровна мен Быценко Марина Юрьевна орыс тілінің құралдарын пайдалана отырып, оқушылардың зияткерлік, рухани, коммуникативтік және азаматтық мәдениетін қалыптастыру әдісін көрсетті. Бір тақырыпты оқу кезінде мұғалімдер сабақтың мақсаттарына қол жеткізудің әртүрлі тәсілдері мен әдістерін көрсетті, мәтіндерді өз бетінше зерттеуді, топтағы талқылауды, сыныпқа ұсынуды, оқушылардың алдына қойылған проблемалық жағдайларды шешудің тәуелсіз іздену жолдарын құрды. Қосымша материалдарды, зерттеу әдісін іздеуді жәнепайдалануды талап ететін, практикалық, шығармашылық тапсырмаларды орындау, әрбір оқушыны табыстылыққа жеткізуге және оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға үлес қосты.

Дөңгелек үстелде мектеп директорының орынбасары Н.П. Шавенкова жаңартылған бағдарламаларды енгізу бойынша әдістемелік жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Семинар аясында мұғалімдер сыни ойлау тұрғысынан заманауи сабақты жоспарлау тәжірибесімен алмасты, жаңартылған мазмұндағы проблемалық мәселелерді талқылады және ұсыныстар берді.