ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жеңіс күні қарсаңындағы ардагерлермен кездесу
04-05-2018 14:46
Жеңіс күні қарсаңындағы ардагерлермен кездесу

 

Павлодар қаласының № 13 ЖОМ мектебінде Жеңіс мерекесінің қарсаңында соғыс ардагерлерімен кездесу,  көп жылдық дәстүрге айналған. Жеңіс күніне арналған кездесу барысында мектеп ұстаздарына, түлектеріне, соғысқа қатысқан ардагерлерге арналған  еске алу митингі өткізіледі.

2018 жылғы 3 мамыр күні қонаққақалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрбаев Аспандияр Нұрбайұлы, тыл еңбеккері Костин Владимир Викторович, қалалық ардагерлер кеңесінің бұқаралық-ұйымдастырушылық комиссия төрайымы Фесикова Марина Андреевна, қалалық ардагерлер кеңесінің бұқаралық-ұйымдастырушылық комиссия мүшесі, білім беру жүйесінде еңбегі сіңген мұғалім, еңбек ардагері Диярова Камал Дияровна, ардагерлер кеңесінің  төрайымы, педагогикалық еңбек  ардагері Исмагулова Ботагоз Баязитовна шақырылды.

Шақырылған қонақтар митингке қатысып, Жеңіс күніне арналған мерекелік концертті тамашалады. Оқушылар мерекелік концертті соғыс ардагерлерінің медалдар толыпарад костюмдерін алып шығарудан бастап, содан соң оларға  дәстүрлі қызыл қалампыр гүлдерін қойды. 7-ші сынып оқушылары қонақтарға арнап соғыс жылдарындағы әндерді орындап,театрландырылған қойылымдарды қойды. Құрамы 50 оқушыдан тұратын мектеп хоры да өз өнерлерімен қонақтарды тәнті етті. Концертке қатысушылар тек көрермендер емес, сол сияқты «Мәңгілік полк» мектеп акциясының қатысушысы бола білді. Оқушылар, ұстаздар, шақырылған қонақтар Ұлы Отан соғысына қатысқан өз туған-туыстарының суреттерімен келді.

«Іс-шараны ұйымдастырушылардың мерекені шығармашылықпен ұйымдастыруының арқасында барлық қонақтар мен көрермендер «Жеңіс рухын» өз бойынан өткізе білді. Көрермендердің көңіл-күйлері әр түрлі бұл көңілді күлкілер, көз жасы, және те батырлар үшін, әке-аталарымыз үшін мақтаныш сезім», - деп атап көрсетті мектеп басшысы Сәуле Мұратқызы Кәмиева.