Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде «Сенің есіңде ме?» естелік акциясы бастау алды. Бұл оқиғаға Ұлы Отан соғысының ардагерлер даңқының стенді рәсімделген болатын.
Мектеп басшысы Ольга Леонидовна Бобровская «Уақыт үнемі алға жылжи береді, ал артта біздің әрқайсымыз үшін және халық үшін маңызды оқиғалар қалады. Ешқашан ұмытылмайтын мерекелер бар, олар туралы есте сақтауға, лайықты атап өтіп, өскелең ұрпаққа жеткізуге міндеттіміз. Осындай оқиғалар біз үшін Жеңіс күні болып табылады», - деп атап өтті.
Акция шеңберінде мерекелік концерт өткізілді, оған мектебіміздің педагогтары мен оқушылары және біздің қонақтарымыз - № 35 балабақша тәрбиеленушілері белсенді қатысты. Концертке педагогикалық еңбек ардагерлері шақырылды. Соғыс жылдарындағы әндер айтылып, бейнероликтермен, деректі оқиғалар мен ардагерлер туралы слайдтармен сүйемелденді. Ер балалар хорының мен жеке орындаушы Әділ Бекімұраттың орындауында «День Победы» әні салтанатты шықты. Мерекелік концертті жоғары сыныптар хоры аяқтады, олардың орындауында орыс ұлттық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен «Песни наших отцов» композициясы шырқалды.
Соғыста және жуырда өмірден өткен ардагерлерді еске алып, бір минут үнсіздік орнады. «Со слезами на глазах» мерекесі бірталай сезімге берілтті және әрқайсымыздың жүрегімізде терең әсер қалдырды.