ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды
05-05-2018 12:04
Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды

Жеңіс күні, Отан қорғаушылар күні қарсаңында білім беру ұйымдарында сынып сағаттарын, байқауларды, конференцияларды, Ұлы Отан Соғысы ардагерлермен кездесулерді өткізу дәстүр болып қалыптасты.

25 мектебінің 200-ден астам 10-сынып оқушылары Даңқ ескерткіші, Кеңес Одағы Батыры Қанаш Камзин ескеркіші және Әскери Даңқы ашық аспан астындағы мұражайында Белгісіз жауынгердің ескерткіші алдында «Вахта памяти» құрмет күзетін жүргізеді. «Вахта памяти» ашылуына қаланың жалпы орта білім беру мектептерінің 500 білім алушылары қатысты.

№13 жалпы орта білім беру мектебі Ардагерлер кеңесіне мерекеге сай өлеңдер мен әндер байқауын сонымен қатар «Бессмертный полк» шеруіне дайындық ретінде шеру өтілген болатын.

4 мамыр күні құрамы 80 оқушыдан құылған 2 команда аймақтық саптық әндер байқауына қатысты. Байқаудың қорытындысы бойынша қатысқан қаланың 2 командасы жүлделі орынға ие болды - І орынға № 1 команда ие болса, ІІ орынды № 2 команда иеледі.

Осы күні Астана көшесінің бойында Павлодар қалалық білім беру мектептері, қосымша және мектепке дейінгі білім беру мекемелері Ұлы Отан соғысының 73 жылдығына орай «Мы не забудем их подвиг великий» көрмесін ұйымдастырды.

Білім беру бөлімі жыл сайынғы патриоттық  акция «Бесмертный полк» шеруін ұйымдастырды. Бұл шеруге Павлодар қалалық жалпы орта білім беру мектебінің  1000-нан астам білім алушылар қатысады.

Жалпықалалық іс-шараға 10000-нан астам жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары, балабақша тәрбиенушілері, ұстаздары қатысады.