2018 жылы 3 мамырда Павлодар қаласының № 17 ЖОМ «Мәшhүр-Жүсіп» қалалық оқулары өтті. Мақсаты - ұлы ақынның рухани мұрасы мен поэзияға сүйіспеншілігін тәрбиелеу, Мәшһүр-Жүсіп шығармашылығын тарату және насихаттау. Оқуларға қаланың 25 жалпы білім беру мектептерінің 8 - 11 сыныптың 56 оқушысы қатысты.
Байқаудың 3 номинациясы бойынша оқу қатысушыларын С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті және Павлодар Мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушылары бағалады.
Байқау қатысушылары ұлы ақынның шығармалары бойынша шығармашылық және зияткерлік білімнің жоғарғы деңгейін көрсетті.
«Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» номинациясында І орын № 24 мектеп оқушысы Көлтай Мақсат иеленді, ІІ орын - № 38 мектеп оқушысы Сатбол Ердос, ІІІ орын - № 7 мектеп оқушысы Байдюсен Тоғжан, № 21 мектеп оқушысы Нұрматова Күнсұлу, № 33 мектеп оқушысы Жұмабай Байтұрсын. Жас ақын Көлтай Максат, туған өлкесіне сүйіспеншілігі, патриотизм туралы 50 шақты өлеңдерінің авторы болып табылады.
«Білімді зерек адам болам!» номинациясының І орын иегері Кайракан Аружан № 35 мектеп оқушысы, ІІ орын - Камиева Сабина, № 12 мектеп оқушысы, Қуанышбек Ақтілек, № 21 мектеп оқушысы, ІІІ орын 25, 33, 38 мектеп оқушылары Сайдағали Анель, Балпекова Даяна, Ахменова Адия. Кайракан Аружан өз шығармасының тақырыбын және мазмұнын тереңінен толық ашып таңқалдырды.
«Бас болып өнер білсең тіпті жақсы» номинациясында ІІ орын Тукаев Асанали, № 20 мектеп-лицей оқушысы, ІІІ орын - Таукен Мадина, Аленова Дильназ, № 7, 22 мектеп оқушылары. Жетекші ЖОМ оқушылары Тоғамбаева Камиля және Ахметова Альмира сурет материалдарымен «Мәшhүр Жүсіп Көпеевтін шығармашылығын тұрақты тенелеу» командалық зерттеу жұмыстарын ұсынды.