ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар құрамасы туристік көпсайысы бойынша жүлдегер
14-05-2018 10:24
Павлодар құрамасы туристік көпсайысы бойынша жүлдегер

«Іле - 2018» республикалық жарыстары және туристік көпсайысы бойынша Қазақстан Республикасының Чемпионатына Қазақстан аумақтарының 40 құрамасы, оның ішінде Павлодар қаласы «БЖЭТО», «Пирамида», «Усольский меридиан», «Вершина» және «СЮТур» 5 құрамаларының тәрбиеленушілері қатысты. Жарыстар 2018 жылғы 3-8 мамыр күндері аралығында Алматы облысы, Іле өзені, Тамғалытас шатқалы аумағында өтті.

Жарыс бағдарламасы әртүрлі күрделілік қатарындағы «Жартас», «Құтқару жұмыстары», «Тізбек»,  «Іле» қашықтықтарын өтуді қамтыды.

Республикалық жарыстардың қорытындылары бойынша юниорлар арасында жалпы есепте «Пирамида» құрамасы,  жетекшісі  Владислав Юрьевич  Ридзаускас - ІІ орын, Қазақстан Республикасы Чемпионатында - ІІІ орын иеленді.

«Пирамида» құрамасы «Іле» қашықтығында I орын иеленіп, чемпион атанды, «Құтқару жұмыстары» қашықтығында - II орын иеленді. «Тізбек» қашықтығында Никита Артемов және Полина Марзалюк II орын иеленді. «Жартас» қашықтығында Никита Артемов, Полина Марзалюк, Данил Борисенко, Миша Сидоренко және Артем Порохов III орын иеленді.

Жеңімпаздар кубок, грамоталар және медалдарымен, жүлдегерлер грамоталармен марапатталды. Павлодар қаласы құрамаларының жарыстарға қатысуына демеушілік көрсеткен «Крендель» ЖШС болды.