kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда3028106
Бір айда129741
Бір аптада36581
Кеше3280
Тәулік439
Әскери-отансүйгіштік әнінің қалалық шығармашылық байқауы
16-05-2018 09:32
Әскери-отансүйгіштік әнінің қалалық шығармашылық байқауы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру көлемінде жастарға рухани-адамгершілік, отансүйгіштік тәрбие беру және олардың шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында 2018 жылғы 14 мамыр күні «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» негізінде Павлодар облысының «Ауған соғысы және жергілікті соғыс ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық қорымен бірлесе «Ұмытылмас каһармандар!» жыл сайынғы әскери-отансүйгіштік әнінің қалалық шығармашылық байқауы өткізілді.

Байқауғаэкология орталығы клубтарының тәрбиеленушілері, Павлодар қаласы № 13, 26, 4, 29, 9, 27, 7, 41, 34, 16, 40 ЖОМ 150 астам оқушылары қатысты.

Байқау келесі аталымдары бойынша өтті - соло орындауы, дуэт, вокалдық тобы, орындаушы-авторлары. Байқау репертуарының құрамына Ұлы Отан соғысы кезіндегі әндер, жауынгерлік өткені туралы заманауи, отансүйгіштік әндері еңгізілді. Әндердің орындалуы көріністермен сүйемелденді.

Байқау қорытындылары бойынша «Соло орындауы» аталымында I орын № 40, 41 ЖОМ оқушылары, II орын - № 4 ЖОМ оқушылары иеленді. «Вокалдық тобы»аталымындаI орын № 16, 34, 13 ЖОМ оқушылары, II орын - № 41, 26, 40 ЖОМ оқушылары, III орын - № 27 ЖОМ оқушылары иеленді. «Дуэт» аталымындаI орын № 9, 7 ЖОМ оқушылары, II орын - № 29 ЖОМ оқушылары иеленді.  «Бүгінгі таңда үрейлі дабылды естімей, соғыс қасіретін көрмей  өсіп жетілген ұрпақтың жадында ата-бабаларының қасиетті ерлігі ешқашан ұмытылмас», орталықтың бөлім меңгерушісі Ирина Александровна Ефимова белгілеп өтті.