kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2970402
Бір айда210322
Бір аптада50161
Кеше3943
Тәулік129
Жалпы ұлттық ата-аналар жиналысы
16-05-2018 10:43
Жалпы ұлттық ата-аналар жиналысы

Павлодар қаласының барлық жалпы орта білім беру мектептерінде 15 мамырда 18.30-да «Білімді ұлт - білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» атты біріңғай жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста 20 мыңнан астам ата-аналар, жергілікті атқарушы органдардың, БАҚ пен қоғамдастықтың өкілдері қатысты.

Мұндай іс-шара бірінші рет өткен оқу жылында өткізілді, мұндай формат мектеп сұрақтарын шешуде ата-аналар белсенділігін арта түседі. Ата-аналардың мемлекеттік білім беру саясатын талқылауға қатысу өз баласының әрбір ата-ананың парызы болып табылады, дегенмен ата-ана қатысу жайында өзі шешеді.

Жиналыстың мақсаты - ата-аналарды мемлекеттік білім беру саясатының бағыттары, орта білім беру жүйесінің жетістіктері туралы хабардар ету және мектепті басқаруда педагогтар мен ата-аналардың күш-жігерлерін біріктіру.

Жиналыстың күн тәртібіне мектептің қамқоршылық кеңестерінің қызметі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, 11 сынып оқушыларының қорытынды атестаттау, оқу жылының қорытындысы, оқушылардың оқу үлгерімі, отбасы және мектептің қарым-қатынасын нығайту мен отбасылық құндылықтарды дәріптеу, оқу үрдісін цифрландыру, оқулықтарды жасау мен 100 үздік оқулықты аудару сұрақтары қарастырылды.

Ата-аналар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларымен танысты.

Пәндердің мұғалімдеріне, алдағы қорытынды аттестаттау туралы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына алдағы қорытынды атестаттау бойынша сөз берілді, баланың қорытынды аттестаттау кезеңінде отбасы мүшелеріне арналған мектеп психологиялық қызметінің ұсынымдар жасалынды, ҰБТ бойынша бейне роликтер көрсетілді.

Жиналыста ата-аналарды түлектердің қорытынды атестаттаудың өткізу уақыттары бойынша, оқу жылының қорытындысы, оқу үрдісінің цифрландырылуы бойынша сұрақтар қызықтырды.

Жалпыұлттық идеялар негізінде  отбасылық дәстүрлерді жаңғыртуда отбасы мен мектептің өзара қарым-қатынасын, қамқоршылық кеңестің әрекетін күшейту туралы  әңгіме жүргізілді.

Қала мектептерінің барлығында қамқоршылық кеңес құрылып, жұмыс істейді. 2018 жылы қала мектптерінің 11 сыныптарында 1115 түлектер оқиды. Оқу үдерісіне цифрландыруды ендіру бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Қаланың барлық мектептері электронды журналдар мен күнделіктерді жүргізеді. Мұғалімдерге сабақтарды тиімді ұйымдастырып өткізу үшін «Bilimland» білім беру платформасы пайдаланылады. «Smart-мектеп» пилоттық жоба енгізілуде.