ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жүректен жүрекке» ретро-концерті
17-05-2018 09:24
«Жүректен жүрекке» ретро-концерті

Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде «Жүректен жүрекке» жобасы шеңберінде 2018 жылғы 11 мамырда Павлодар қаласының тұрғындарына арналған ретро-концерті өтті. Ересектер мен мектеп оқушыларын музыка біріктірді. Бұл кеште позитивті көңіл-күй, өмірді гүлдендендіретін сезімдер-таңдану және марқаю, жарқын реніш, рақат пен қуаныш төрелік етті.

Концерттік бағдарлама өзінің жан-жақтылығымен және кәсібилігімен іші пысқан тыңдаушыларды баурап алды. Көрермендер орындаушылармен бірге ретроға кірісіп, сүйіп тыңдайтын әндеріне қосылып айтты. Аспаптарда орындалатын атақты әндер шырқалды. Гитара, баян, саксофон және рояльда ескі кинофильмдерінің әр образы Иван Кузякиннің «Besame mucho», Олег Михайленконың орындауларындағы «Одинокая гармонь» әндерін жақсы көретін және жүректеріне жақын тыңдаушылардың жүректерін жаулап алды.

Татьяна Яловцева, Дмитрий Масленников, Александр Андрющенконың орындауларында «Неудачное свидание», Ольга Андрющенко - «Червона рута», Юрия Халимон - «Чёрный кот» әндері жалынды фокстротта айтылды (концертмейстері Дмитрий Масленников).

Мектептің жас орындаушыларының өнерлерінің орындау шеберлігі бойынша өз шегінде шырқалды және кәсіби әртістерден кем түспеді. Соксофоншылардың орындауларындағы «Серенада солнечной долины» әуені ХХ ғасырдың 40 жылдарына оралғандай әсер қалдырды (Евгения Лысованың жетекшілігімін, концертмейстерлері Дмитрий Масленников, Александр Андрющенко, Юлия Сухотерина), ал Дарья Ермолаеваның «Куә бол» әні  ХХ жылдардың соңындағы қазақ әндерін еске түсірді. Роялдың сүйемелдеуімен әндерді көрермендердің орындауындағы караоке-конкурсы концертті жандандыра түсті.

Бұл «Жүректен жүрекке» жобасы шеңберіндегі екінші концерт, біз тыңдаушыларымызды алдағы концерттерде тосамыз. Аталған жобада өткен жылдардың туындылары, жарқын заманауи композициялар мен классикалық музыканың ең үздік үлгілері ұсынылатын болады. Бұл жоба - туған қала тұрғындарына Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің 75 жылдық мерейтойына өзіндік сыйлығы.