ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала азаматтарын цифрлық сауаттылыққа оқыту
17-05-2018 11:05
Қала азаматтарын цифрлық сауаттылыққа оқыту

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаны дамыту шеңберінде Павлодар облысының халқын цифрлық сауаттылыққа оқыту бойынша жазғы кезеңде Жол картасына сәйкес оқыту жоспарлануда. Осы мақсатта «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының негізінде Павлодар қаласы жалпы орта білім беру мектептерінің 24 информатика мұғалімі және жүйелік әкімшілерді оқыту семинары өтті.

Семинар бағдарламасына сәйкес «Негізгі сандық дағдылары», «Ашық үкімет», «Электрондық мемлекеттік қызметтер» және «Электрондық сауда» атты төрт бағытта халықты цифрлық сауаттылыққа оқыту бойынша жаттықтырушыларды дайындады. Аталған шараның мақсаты халықты электронды үкімет порталымен, офистік және мобильді қосымшалармен жұмыс істеу, электрондық коммерция (сатып алу, сату, тауарлар мен қызметтерді жылжыту) дағдыларына жаттықтырушаларды әрі қарай үйрету көзделген. Семинар қорытындысы бойынша жаттықтырушылар барлық халықты цифрлық сауаттылыққа оқыту бағыттары бойынша тестілеуден өтті.

Халықты цифрлық сауаттылығына оқытудың облыстық жоспар-кестеге сәйкес 24 сертификатталған жаттықтырушылар 2 мыңнан астам Павлодар қаласының азаматтарын жазғы кезеңде (маусым - тамыз) оқыту жоспарлануда.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің ресми сайты мен қала жалпы орта білім беру мектептерінің сайттарында халықты цифрлық сауаттылыққа оқытуын өткізу туралы оларды хабарлау үшін сандық сауаттылық туралы бейнеролик орналасқан.