ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Педагогикалық шеберлік облыстық сайысының қорытындысы
18-05-2018 11:35
Педагогикалық шеберлік  облыстық сайысының қорытындысы

2018 жылы 11 мамырда «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Павлодар облысы бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру  институтында өткен «Педагогикалық шеберлік - 2018» облыстық сайысына іріктеу кезеңінен өткен 11 қала мен аудан  педагогтері қатысты. Ең көп қатысушылар - Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары мен Баянауыл, Ертіс, Ақтоғай және Шарбақты аудандарынан болды.

Облыстық сайыс білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың тиімді бір тәсіліне айналған, бірнеше жыл бойы аймақ педагогтеріне өзінің әлеуеті мен қабілетін ашуға, шеберлігін көрсетуге, жаңа білім жинақтауға және тәжірибе алмасуға ықпал етіп келеді.

Байқауды өткізу кезіндегі талқыланған мәселелер шеңбері еліміздің Президентінің жолдауында, 2016 - 2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында, «Рухани жаңғыру» қоғамның сана-сезімінің көкжиегін кеңейту бағдарламасында анықталған білім беруді дамытудың басым бағыттарына қатысты болды.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері білім беру мазмұнын жаңарту кезеңдерімен байланысты  оқыту мен тәрбиелеудің заманауи стратегияларын қолдану сияқты қызықты жобалары ұсынылды.

Байқау қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен Ляззат Мырзабайқызы Қожабаева, Ботагоз Қайыржанқызы Темірбекова № 6, 10 балабақша басшылары, Светлана Витальевна Завальная, Елена Владимировна Муратхожина №9 ЖОМ әкімшілігі, Татьяна Алексеевна Мигунова, Жанара Жұмағұлқызы Жақсылықова, Ольга Дмитриевна Казакова  № 16 ЖОМ әкімшілігі, Елена Владимировна Юрченко, Наталья Анатольевна Козлова № 4 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімдері марапатталды.

ІІ дәрежелі дипломмен  Армангүл Мұхтарқызы Сыздықова № 16 ЖОМ қазақ тілі мұғалімі, Людмила Леонидовна Бойко № 82 балабақша тәрбиешісі марапатталды.

ІІІ дәрежелі дипломмен Елена Алексеевна Дорн, № 24 балабақша тәрбиешісі, Светлана Геннадьевна Черва, Сания Білялқызы Кусатаева № 17 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімдері марапатталды.