ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас педагогтардың ғылыми-әдістемелік конференциясы
18-05-2018 16:40
Жас педагогтардың ғылыми-әдістемелік конференциясы

2018 жылдың 17 мамырында Павлодар қаласы білім беру бөлімі Инновациялық Еуразия университетінде «Жас мамандарды кәсіби және жеке қалыптастыру» атты ғылыми-әдістемелік конференциясы өткізілді. Конференцияға қаланың білім беру мекемелерінің 350-ден астам жас мұғалімі қатысады.

Конференция бағдарламасында білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы кәсіптік құзыреттілік, жас мамандардың кәсібише берліктерін дамыту траекториясы, жаңадан келген жас мамандарды әдістемелік қамтамасыз ету бойынша сөз сөйлеулер мен баяндамалар, халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық жарыстарға, зияткерлік сайыстарға, конференцияларға қатысу мониторингінің нәтижелерін қорытындыларын шығару болды.

ИнЕУ-дің проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Бейсембаев Амангелді Рақышұлы «Білім мазмұнын жаңарту нәтижесінде коммуникативті құзыреттілік» тақырыбында баяндама жасады.

Павлодар білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Нұрахметова Шолпан Саменқызы 2017 - 2018 оқу жылында жас педагогтардың жұмысына әдістемелік қолдау көрсету мен мониторинг жасау бойынша, жас оқытушыларға арналған «ПроЛС» клубының жетекшісі, Павлодар қаласы №24 ЖОМ директорының орынбасары Казимова Айгуль Шапкенқызы қалалық клубтың жұмысы туралы, модератор, «ПроЛС» клубының мүшесі, № 29 ЖОМ қазақ тілі мұғалімі Есполова Алтынгүл жас педагогтармен қарым-қатынас жасау туралы баяндама жасады.

Конференцияда 13 үздік жас педагог, гран-при иегерлері, халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен және білім беру бөлімінің алғыс хаттарымен, 11 гран-при иегері, облыстық және қалалық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері білім беру ұйымы қызметкерлері қалалық кәсіподағының грамоталарымен марапатталды.

Халықаралық, республикалық байқаулардың, конференциялар мен фестивалінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері № 40 ЖОМ логопед-дефектологы Матай Кымбат Галямовна, № 42 ЖОМ музыка мұғалімі Аскарова Кунсая Амангельдиновна, № 7 ЖОМ тарих мұғалімі Шамшарив Балапан, № 17 ЖОМ өзін-өзі тану мұғалімі Стрикунова Татьяна Викторовна, № 9 ЖОМ тарих және бастауыш сынып мұғалімдері Кульжанов Дауржан Каиргельдинович, Шукитова Айымгуль Бериковна, № 43, 24, 41 ЖОМ дене тәрбиесі мұғалімдері Кожан Арайлым Бекетевна, Абишев Азамат Жанарбекович, Балешева Асель Даулетовна, № 29 ЖОМ биология мұғалімі Бекен Айгерим Жумашевна, № 41 ЖОМ мұғалімі биология мұғалімі Сарсекеева Анар Каиртасовна, Жетекші ЖОМ орыс тілі мен әдебиеті Абдернасирова Асемгуль Кабдулсаламовна, № 34 ЖОМ тарих мұғалімі Толеуов Алибек Бейсенович.

Облыстық, қалалық байқаулар, конференциялар мен фестивалінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері № 7 ЖОМ география мұғалімі Рамазанова Динара Тлеубековна, № 40 ЖОМ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Жумабекова Асия Имангельдиновна, № 11 ЖОМ биология мұғалімі Чумаченко Анастасия Александровна, № 37 ЖОМ математика мұғалімі Шаймұрат Жананұр, № 38 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Тулеуова Айжан Байгамитовна, № 41 ЖОМ география мұғалімі Шевченко Алена Григорьевна, Кенжекөл ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Рахатжан Айгуль, Жетекші ЖОМ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Искакова Бахыт Николаевна, № 16 ЖОМ тарих мұғалімі Дубовицкий Олег Сергеевич, № 25 ЖОМ дене тәрбиесі мұғалімі Омаров Саниял Манарбекович.