ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қаламектептеріндеауқымды балалар шеруіне дайындық жұмыстары жүргізілуде
21-05-2018 12:41
Қаламектептеріндеауқымды балалар шеруіне дайындық жұмыстары жүргізілуде

Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өту бағдарламасы шеңберінде қалада ең жарқын және есте қаларлық көріністерге ие балалық шақтың мерекесі - балалар шеруін өткізу жоспарлануда.

Кең ауқымды тартымды шараның мақсаты - оқушылардың салтанатты, көше-фестивалі шерулерін қолдау және дамыту, балалардың музыкалық мәдениеті деңгейін арттыру.

Бүгінгі таңда жалпы білім беретін мектептерде барабаншылар, черлидершілер, мажореткалар жасақтарының, би ұжымдарының шеруге дайындық жұмыстары басталды. Шеруге № 9, 22, 24, 25, 29, 34, 36, 37, 39, 41 жалпы білім беретін мектептердің 1000-нан астам оқушылары қатысуды жоспарлауда.

Балалар мен жастардың музыкалық оркестрінің салтанатты шеруі алғаш рет 2017 жылғы 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күнінде 1000-нан астам қала мектептері оқушыларының қатысуымен өткізілді.