ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың оқу-далалық жиындарын аяқталды
21-05-2018 17:28
Оқушылардың оқу-далалық жиындарын аяқталды

2018 жылғы мамыр айының 14 нен 18 не дейін Шарбақты ауданының «Лесная сказка» сауықтыру лагерінде Павлодар қаласының білім беру бөлімімен оқу-далалық жиындар өтті.

Мақсаты - қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, әскери-далалық жағдайында дағдыларын іске асыру, әскери күнделікті өмірі және тұрмысымен танысу.

Оқу-далалық жиындарға қаланың 37 жалпы орта мектептерінен 10-сыныптардың 380 оқушылары қатысады. Жиын бағдарламасында тактикалық, денешынықтыру, оқ ату, әскери топографияны оқып танысу бойынша сабақтар қарастырылған. Павлодар қаласының білім бері бөлімінің әдіскері Назымбек Жабишұлы Тасібаевтың айтуынша, оқу-далалық жиындары бірінші кезекте тактикалық, спорттық, жауынгерлік және өртке қарсы жаттығуларда, жаппай қырып-жоятын қарудан қорғаныс бойынша мектептегі сабақтар барысында алған білімін практикалық тестілеуге бағытталған.

Оқу-далалық жиындарды кезінде әскери борыштарын өтеп келген, аға тәлімгерлер, 39 алғашқы әскери даярлық пәнінің педагог-ұйымдастырушылары мен денешынықтыру мұғалімдері өткізеді. Оқу-далалық жиындарға «Нұр Отан» ХДП өкілдері, Павлодар және облыстың ішкі саясаты, «Айбын» үйлестіру кеңесі қатысты.

Павлодар қаласының ішкі саясатының және «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері мен басқа да жергілікті соғыстар» қоғамдық қорының қолдауымен «Сарбаз» әскери-спорттық ойын өткізілді. Әскери-спорттық ойындардың қорытындысы бойынша «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері мен басқа да жергілікті соғыстар» қоғамдық қорына Павлодар қаласының командасына 45 көк берет және тәтті сыйлықтар берілді.

Ақсу, Екібастұз қалаларындағы жалпы білім беретін мектептердің әдіскерлері мен мұғалімдері үшін оқу-далалық жиындары дайындық жұмыстарына арналған семинар ұйымдастырылды.