ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Инновациялық технологияларды енгізу бойынша тренерлерді дайындау
22-05-2018 11:31
Инновациялық технологияларды енгізу бойынша тренерлерді дайындау

Павлодар қаласы білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің мектеп мұғалімдерімен атқарылатын іскерлік бағыттарының бірі - орнықты кәсіптік біліммен инновациялық ойлау және тәжірибе-бағдарлық, ізденушілік тәсіл арқылы нақты білім беру мәселелерін шешу болып табылады.

Осы мақсатта оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу бойынша жаттықтырушыларды дайындау үшін іс-әрекет ұйымдастыру ойындары ұйымдастырылды. Теориялық материалды оқып білетін қатысушылар, тәжірибеде 5 технологияны іске асырып, демалыс кезінде меңгереді, мектеп қауымдастығында апробациялап, жинаған мектеп материалдарының сараптамасына қатысады. Бүгінгі таңда қала мектептерінің мұғалімдері 84% оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды белсенді енгізуде.

Жаттықтырушы мектебінде қорытынды отырысында жыл сайын сынақ жүйесі ұйымдастырылады және тамыз педагогикалық оқуларда жаттықтырушыларға сертификаттар табысталады.

Жаттықтырушы мектебінің қорытынды отырысы № 24 мектепте өткізілді. 462  қатысушыдан өзінің тәжірибесіне инновациялық технологияларды енгізетін қалалық және мектеп деңгейінде өзінің тәжірибесін тарататын  18  мұғалімге қорғауға  рұқсат етілді.

Мектеп деңгейіндегі жаттықтырушы мәртебесіне 6 үміткер, қала деңгейіндегі жаттықтырушы мәртебесіне 12 үміткер  жаттықтырушы мәртебесін қорғап шықты.

Мектепте мұғалімнің инновациялық істерге дайын болуы, жеке дамуының қызығушылығы, кәсіптік құзыреттілікті шыңдайтын жаңа формаларын іздеу туралы мұғалімдердің пікірі іс-әрекетті ұйымдастыру ойындарының құндылығын көрсетеді.