ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Тілашар» жұмыс бағдарламасының тұсаукесері туралы
22-05-2018 12:43

2018 жылғы мамырдың 30 күні сағат 09.00-де Павлодар қаласының № 4 балабақшасында мектепке дейінгі мекемелердің әдіскерлеріне арналған тұсаукесер бағдарламасы өтеді.
Тұсаукесер аясында эксперименттік топ балаларының сабақтағы ашық ойын түрі, «Балалармен жұмыс», «Педагогтың әдістемелік сүйемелдеуі», «Ата-аналармен жұмыс» бөлімдері бойынша автор-құрастырушы бағдарламасының тұсаукесері. Тіл туралы Заңын іске асыру аясында 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап қаланың мектепке дейінгі 10 мекемесінде балабақшаның күн тәртібінде өзге ұлт өкілдерінің балаларымен қазақ тілін оқыту бойынша пилоттық жоба енгізілді. Оқу жылының аралығында мектеп жасына дейінгі 435 бала, оның ішінде 354 өзге ұлт өкілі балабақшаның күн тәртібінде мемлекеттік тілді меңгеру бойынша коммуникативтік дағдыларын дамытты.
Жаңа форматтағы: тілдік бранч, «Тіл керуені» инновациялық бағдарламамен «Ана тілі» орталығында қазақ тілін оқыту бойынша курстық даярлаудан өткен 30 педагог, оның ішінде 17-і өзге ұлт өкілі жобаға қатысты.
Педагогтерді әдістемелік сүйемелдеу; Ата-аналармен жұмыс; оқу мекемесіндегі күн тәртібінде балалармен жұмыс өзара үш байланыста ұсынылған 3 жастан 7 жасқа дейінгі балалардың коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру, интеллектуалды дамытуға жағдай жасауға бағытталған, «Тілашар» жұмыс бағдарламасын жасау бойынша мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтерімен жоспарлы іс жүргізілді.
Бағдарлама Павлодар қаласының Мемлекеттік Педагогикалық институтының профессоры, педагогикалық ғылымдарының кандидаты, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің деканы З. Е. Жұмабаевадан және Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжнің «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» бөлімінің оқытушысы А. Е. Есмағамбетовадан эксперттік баға және рецензия алды.
Бұл жоба бойынша қосымша тағы алты балабақшаны, оның ішінде 350 ден аса мектеп жасына дейінгі балаларды 2018 - 2019 оқу жылына қамту жоспарланып отыр.

Павлодар қаласының Білім бөлімі