ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Көптілділік бойынша қалалық сайыстың жеңімпазы
22-05-2018 15:40
Көптілділік бойынша қалалық сайыстың жеңімпазы

«Тіл шебері» атты республикалық сайыстың қалалық кезеңінде ұстаздар, мемлекеттік қызметкерлер, қаламыздың ЖОО-ның студенттері, 18 - 29 жас аралығында 3-тілді жетік меңгерген 15 адамнан астам қатысушылар қатысты. 

 Сайыс нәтижелері бойынша Павлодар қаласы № 37 ЖОМ-нің ағылшын тілі мұғалімі Озыхан Ұлжан жеңімпаз атанды. Ол дипломмен және планшетпен марапатталынды. Әрі қарай оған сайыстың облыстық кезеңіне қатысу қажет.

Мектепте ағылшын тілінен 1-ші жыл төңірегінде ғана сабақ береді, ағылшын, қазақ және орыс тілдерін жетік біледі, қытай тілін үйрену жоспарында бар. Мектепте қызмет еткен уақыт аралығында  ағылшын тілінен қалалық олимпиада жеңімпазы атанды және олимпиаданың облыстық кезеңінде облыстық білім беру басқармасының мақтау парағымен марапатталынды. Оның 4-ші сынып оқушылары Саметова Жансая және Садық Нұржан «BritishBullDog» атты облыстық кезеңінің халықаралық қашықтық олимпиадасының жүлдегерлері болып табылады.

Сайыс 3 кезеңнен тұрды - тұсаукесер (презентация), ұлттаным (познание нации), өнертаным (искусствоведение). Мақсаты - көптілділікті ендіру және дамыту аясында талантты жастарды қолдау. Осы сайысты Павлодар қаласы тілдерді дамыту бөлімі өткізді.