ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар қаласының балабақшаларындағы «detki.bezopasnost» ақпараттық жобасы туралы
22-05-2018 17:44

2018 жылдың 27 мамырында «Батырмол» СҮ-де сағат 13.00-ден 14.00 аралығында «Қауіпсіздік әйнек» акциясы өтеді. Аталмыш акцияға қаламыздың мектепке дейінгі тәрбиеленушілері қатысады.
Шараның мақсаты - ата-аналардың назарын баланың қауіпсіздігіне, әйнектен құлап қалу нәтижесіндегі оқыс жағдайларға, арнайы қауіпсіздік жүйесін орнатуға аудару.
Сонымен бірге, арнайы қауіпсіздік жүйесінің құрастырушылары «AziaHOME» ЖК, директоры Талғат Ульджабайұлы Касанов пен «Строй-Дизайн PV» ЖШС компаниясының басшысы Балтабек Кибадатұлы Жанабаев арнайы құлыптар мен фиксаторларды таныстырады. Көмек ретінде мердігерлер 2 көп балалы отбасыларға аталмыш фиксаторларды тегін орнатып береді. «Батырмол» СҮ өкілдері көп балалы отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі 5 балаға ойын алаңына сертификат берді. Шара «Балалардың қауіпсіздігі біздің қолымызда!» ұранымен балаларды қорғау күніне қарсы өтеді.
21 - 27 мамыр күндері «Батырмол» СҮ ғимаратында екі тілде видеоролик жүріп тұрады.
Павлодарда балалардың әйнектен құлап қалу жағдайы басты назарда. Күн жылынған кезде адамдар әйнектерін ашық күйінде жиі қалдырады, міне осы сәттерде оқыс жағдайлар саны артады.
Аталмыш жағдайдын алдын алу мақсатында облыстық маслихат пен Павлодар қаласы білім беру бөлімінің бастамасымен сәуір айында «detki.bezopasnost» ақпараттық жобасы бастау алды.
Жоба аясында №29 балабақша (Радищева көш, 2) базасында білім беру бөлімі өкілдері, облыстық маслихат депутаттары ата-аналармен, педагогтармен, қаланың мектепке дейінгі ұйым басшыларымен кездесу өтті, әйнектерде орнатылатын арнайы қауіпсіздік құрылғылардың түрлері көрсетілді. Ата-аналар үшін «Қауіпсіздік әйнек» ақпараттық постерлері дайындалып, трамвайлар мен автобустарға ілінді.
Ақпараттық жоба бойынша жұмыс жалғасуда. Барлық балабақшаларда үйдегі қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша балалармен тақырыптық жұмыстар жүргізілуде. Барлық сауда үйлерінде, әлеуметтік нысандарда плакаттар ілініп, ескертпелер таратылуда. Ата-аналармен ақпараттық-түсіндірме жұмыстар жүргізілуде, алғашқы нәтижелер де бар. Бүгінгі күні акция басынан 636 пәтерлерге қосымша фиксаторлар, қауіпсіздік құлыптары, темір торлар орнатылды.
Жалпы қала аумағында 85 мектепке дейінгі ұйым бар, ондағы балалардың қамтылуы 17 мыңды құрайды, олардың 11 мыңы көп қабатты үйлерде тұрады, екінші қабаттан жоғары, 4667 бала әйнектердегі қауіпсіздік құрылғыларымен қамтылды, 4153 бала қауіпсіздік құралдарын орнатуды қажет етеді.

Павлодар қаласы білім беру бөлімі