ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тау шыңдарын бағындырғандар
23-05-2018 11:07
Тау шыңдарын бағындырғандар

 

2018 жылғы 18-20 мамыр аралығында Баянауыл ұлттық паркі аумағында тау туризмі бойынша Чемпионатқа 120-дан астам қатысушылары бар Ақсу және Екібастұз қалаларының құрамалары мен Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы «СЮТур» БАК-ң туристік клубтары қатысты.

Төрт жас топтарының спортшылары (10 - 11 жас, 12 - 13 жас, 14 - 15 жас, 16 жас және 16 жастан үлкен) тау туризмі бойынша өз білімдері мен дағдыларын көрсетті.

Жарысқа қатысқандар үшін қашықтықтар техникалық жағынан күрделілігі бойынша орташа деңгейде болды. Бірақ біздің спортшыларымыз «Жеке», «Тізбек», «Командалық» және «Құтқару жұмыстары» қашықтықтарында тапсырмаларды лайықты орындай алды.

«Вертикаль» клубының тәрбиеленушілері (жетекшісі О. В. Дьяченко), «Вершина» клубының тәрбиеленушілері (жетекшісі С. Н. Агалаков) және «Вертикаль - 2» клубының тәрбиеленушілері (жетекшісі С. В. Кремер) қашықтықтағы жақсы нәтиже көрсеткендері үшін 64 медалмен, 19 грамотамен марапатталды.

«16 жас және 16 жастан үлкен» тобында «Командалық» және «Құтқару жұмыстары» қашықтықтарында I жалпыкомандалық орынды «Вертикаль», III жалпыкомандалық орынды «БЖЭТО» клубының құрамасы (жетекшісі О. В. Дьяченко), «Құтқару жұмыстары» қашықтығында - II орынды «СЮТур» клубының құрамасы (жетекшісі С. Н. Агалаков) иеленді.

Чемпионаттың ең жас қатысушылары «11 жасқа дейінгі» топта  «Жеке» қашықтығында - II орынды Комлева Анастасия, Барбашин Данил, «Тізбек» қашықтығында - II орынды Сажин Андрей, Сажин Евгений, Барбашин Данил, Виткова Дарья  «Вертикаль - 2» клубы (жетекшісі С. В. Кремер) иеленді.

«14 - 15 жас аралығы» тобында «Тізбек» қашықтығында - I орынды Агапов Арсений, Плотнир Владислав, II орынды  Фроленкова Ксения, Ивлев Ярослав «Вертикаль» клубы (жетекшісі О. В. Дьяченко), III орынды Терешков Евгений, Лихолатов Константин «Вершина» клубы  (жетекшісі С. Н.Агалаков), III орынды Фроленкова Ксения, Агапов Арсений,  Ивлев Ярослав, Немченко Антон «Вертикаль» клубы (жетекшісі О.В. Дьяченко) иеленді.

«12 - 13 жас аралығы» тобында «Ерлер тізбегі» қашықтығында - III орынды Баяндин Нұрдаулет, Семенюк Влад, «Аралас тізбек» қашықтығында - III орынды Задворов Сергей, Терещук Диана «Вертикаль» клубы  (жетекшісі О. В. Дьяченко) иеленді.