ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балабақшаларда тамақтану мәселелері бойынша ата-аналар конференциясы туралы
23-05-2018 13:06

Павлодар қ. білім беру бөлімінің бастамасы бойынша 2018 жылғы 28 мамырда сағат 14.00-де № 96 балабақшада (Лермонтов көшесі, 97) ата-аналар конференциясы өтеді, аталмыш іс-шара балабақшада тамақтануды ұйымдастыру мәселесі бойынша ата-аналар арасында түсіндіру жұмысын қамтамасыз етеді.
Балабақшаның басты міндеттерінің бірі - әр баланың өмірі мен денсаулығын сақтау құқығын қамтамасыз ету. Ұтымды тамақтанусыз балалардың денсаулығын сақтау мүмкін емес, ол балалардың үйлесімді өсуінің, дене және жүйке-психикалық дамуының, инфекциялар мен сыртқы ортаның басқа да жағымсыз факторларының әсеріне тұрақтылығының қажетті шарты болып табылады.
Баяндама.
Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және техникалық регламенттердің орындалуын бақылау басшысы А. С. Джукебаева. Тақырыбы: «Балабақшада тамақтану жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар».
№ 2 емхананың педиатр дәрігері Л. А. Тимошевская, бала ағзасы үшін ұтымды тамақтанудың мәнін қарастырады.
№ 22 балабақшаның диетбикесі И. В. Шерстюк және № 96 балабақшаның басшысы ас әзірлейтін бөлмедегі технолгиялық процестердің бірізділігін қамтамасыз ету мен тамақтануды ұйымдастыруды әкімшілік тарапынан бақылау бойынша бейнероликті ұсынады.
Іс-шара соңында конференцияға қатысушылар балабақша асханасында дайындалған тағамдардың дәмін тата алады. Ата-аналарға осы мәселе бойынша технологиялық карталар, құжаттама көрсетілетін болады.

Павлодар қаласы білім беру бөлімі