ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас дарындылардың өнерлері
24-05-2018 15:04
Жас дарындылардың өнерлері

2018 жылдың 17 мамыр айында Павлодар қаласының № 2 балалар музыка мектебінің үздік оқушылары, аспаптар ансамблдері, хорлар оқу жылының қорытындысы бойынша концерт қойды. Концертке мектеп оқушылардың ата-аналары, туыстары, сыныптастары шақырылды.

Сахнаға жеке номерлерімен «Дионис» республикалық конкурсының гран-при иегері (2017 жыл) және «Мега талант» халықаралық конкурсының III деңгейдегі лауреат (2018 жыл) Ангелина Кондратенко (оқытушы Ольга Николаевна Плеханова), «Tessa-Fest» халықаралық конкурсының лауреаты және «Дионис» республикалық конкурсының гран-при иегері (2017 жыл), Ресейдегі 2016, 2017 жылда өткен халықаралық жас вокалшылар конкурсының лауреаты Даяна Шоканова (оқытушы Анжела Николаевна Король), «Дионис» республикалық конкурсының гран-при иегері (2017 жыл) Иззуддин Жумабаев (оқытушы Анар Кажаевна Апергенова), 17 қалалық, 51 облыстық жас музыканттар конкурстарының лауреаты Эвелина Колодина (оқытушы Оксана Олеговна Минаева), «Дионис» республикалық конкурсының гран-при иегері (2017 жыл) Алина Анциферова (оқытушы Гульнафис Тулеубековна Мақышбаева), әр-түрлі деңгейдегі Мәскеудегі, Новосібірдегі, Павлодардағы конкурстарының лауреаты Агата Самойлова (оқытушы Наталья Федоровна Розанова)  оқушылар шықты.

17 қалалық және 51 Облыстық «Жас музыканттар» конкурсының биылғы жылдың лауреаттары «Sax music» саксафонистер ансамблі тыңдаушылыды өз өнерімен қуантты (жетекшісі Минаева Оксана Олеговна). Жупашев Берік Оралтайұлы мұғалімінің жетекшілігімен «Маэстро» гитаристер ансамблі әрқашан тыңдаушыларына жаңа репертуарын ұсынады. Жаңадан құрылған «Адажио» веолончелистер ансамблі, жетекші Буянова Ольга Анатольевна. Күрделі есеп концерттерінің тұрақты қатысушысы болып табылады. Оның құрамында 1 және 2 сынып оқушылары қатысады. Ақатаев Берік Аблайұлы, Әуелбаева Шынаргүл Серікқызы, Апергенова Анар Қажаевна  жетекшілігімен, жарқын ұлттық киімде кіші және орта топ домбрашылар ансамбльдері сахнаға шықты. Захарчук Наталья Викторовнаның  жетекшілігімен жаңартылған «Каприччио» скрипкашылар ансамблін ду қол шапалақпен қарсы алды. Мерекелік концерттерге хорлардың қатысуы дәстүр болып қалыптасқан.