ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас қала экологтарының жетістігі
25-05-2018 10:35
Жас қала экологтарының жетістігі

2018 жылғы 23 мамыр күні Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында «Табиғатты аяла» респуликалық форумының облыстық кезеңі өтті. Форумға Павлодар, Ақсу қалалары мен Баянауыл, Успен аудандарынан 40 жас өлкетанушы, экологтар мен натуралистерден тұратын 4 құрама қатысты.

Павлодар қаласының құрамасына  ЖОМ № 25, 30, 35, 42 мектептерінің оқушылары, Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының 9 тәрбиеленушісі енді.

Форумның қатысушылары «Туған өлкені зерттейміз», «Жасыл экономика», «Денсаулық және қоршаған орта» номинациялары  бойынша ғылыми-зерттеу жобаларын, «Экоәлем» номинацисы бойынша экологиялық видеоролик презентациясын, «Мерейтойыңмен, Астана!» номинациясы бойынша фитодизайнерлер байқауының жұмысын, «Қалдықтардан -  табыстарға» көрмесінде әртүрлі қалдықтар мен қайталама шикізаттардан жасалған шығармашылық жұмыстарын қорғап, «Табиғаттың құтқару шеңбері» экологиялық квесттің бақылау пунктеріндегі тапсырмаларын орындады.

Форумның қорытындысы бойынша Павлодар қаласының «Жасыл ғаламшар»  құрамасы байқаудың бағдарламасында қаламыздың намысын тиісті түрде қорғап, жалпыкомандалық I орынды иеленді

«Туған өлкені зерттейміз» номинациясының жеңімпазы - Артемов Никита (экология және туризм орталығы), «Жасыл экономика»  номинациясының жеңімпазы - Қобланды Айдос (ЖОМ № 35), «Қалдықтардан - табыстарға» атты шығармашылық көрмесінің жеңімпазы - Тусупаева Камила, ЖОМ № 30 оқушысы атанды.

 «Денсаулық және қоршаған орта» номинациясының ғылыми-зерттеу жұмыстарының ішінен үздік болып танылған, ЖОМ № 25 оқушысы Зарипбаев Әділ (I орын) мен Тусупаева Камиланың (II орын) жұмыстары.

«Экоәлем» номинациясы бойынша «Жасыл қала - жасыл ел» видеоролигімен  II орынды ЖОМ № 42 оқушысы Альжанова Дильназ иеленді.

Фитодизайнерлер байқауының ең үздік композициялары үшін  I орынды Тусуппаева Самал, II орынды - Негматова Карина ЖОМ № 30 оқушылары иеленді.

Номинациялар жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен, жүлдегерлер грамоталармен, дипломдармен марапатталды.

Фестивалді облыстық білім беру басқармасы Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы өткізілді.