«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер Күніне арналған «Туға түзелу» X қалалық байқауы өткізілді.
Мақсаты - еліміздің тарихы, Мемлекеттік рәміздеріне ұқыпты қарау және құрметтеу, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу. Байқауға қала мектептерінің 25 жалпы білім беру мектебі қатысты.
Байқау қатысушылары 8 - 10 сынып оқушылары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің және туған өлке тарихын, Конституция білімін, сапқа дайындығын көрсетті.
Әділ қазы құрамында 5512 әскери бөлімінің өкілдері, ауған әскери ардагерлері, «Жас Отан» ЖҚ, оқытушылар болды.
Жарыс қорытындысы бойынша бас жүлдені Кенжекөл мектебінің командасы жеңіп алды (өткен жылы № 21 мектептің қыздар командасы алған еді).
I орынды № 36 ЖОМ, II орынды № 25 мектеп, III орын № 17 мектеп еншіледі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер білім беру бөлімінің грамоталары, медальдері, ауыспалы кубогымен марапатталды. Кенжекөл ЖОМ және № 36 мектеп командалары маусымда облыстық байқауға қатысады.
№ 39, 28, 29, 7, 2, 42 ЖОМ, № 38 ЖНМ белсенді қатысқаны үшін дипломмен марапатталды.