ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептерінде «Мен өмірді таңдаймын» атты акциясы өтті
06-06-2018 17:26
Қала мектептерінде «Мен өмірді таңдаймын» атты акциясы өтті

5 мамыр 2018 жылы  Павлодар қаласының жалпы орта білім беру мектептерінде  «Мен өмірді таңдаймын» атты акциясы ұйымдастырылды. Акцияға мектеп мұғалімдері, оқушылар, ата-аналар қатысты. Акция аумағында «Өмірге күлімде!» тақырыбына арналған сынып сағаттары өткізілді, 5 - 11 сынып оқушылары үшін  шылым шегудің зияндығы мен нашақорлықтың денсаулыққа кері  әсерін ашып айтып, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Өмір тамаша» атты сынып сағаттары ұйымдастырылды.

3 - 4 сынып оқушылары арасында «Мен өмірді таңдаймын» атты флешмоб ұйымдастырылды.

8 сынып оқушылары үшін «Менің таңдауым-жарқын өмір» тақырыбына арналған дебатты турнир өткізілді. Тақырыпты талқылау барысында оқушылар топта жұмыс жүргізіп, шешендік шеберліктерін шыңдады.

Педагогикалық  ұжыммен «Қиын баланың қиындығы» атты семинар-практикум өткізілді. Семинарда мұғалімдерді тәртіп бұзушылықтың себеб-салдарымен таныстырды. Семинар барысында мұғалімдер «қиын»  оқушыларды анықтаумен олардың қылықтарын сипаттауға үйренді. Семинар-практикумға қатысушыларға психологиялық-педагогикалық ұсыныстар берілді.

Ата-аналар үшін «Жанжалдың алдын алу» және «Балаларды қорғаймыз» атты ақпараттық буклеттер таратылды.

«Мен өмірді таңдаймын»  атты  акциясы барысында оқушылар мен ата-аналарға,мектеп мұғалімдеріне арналған түрлі психологиялық жұмыстар ұсынылды.