2018 жылы 5 маусымда Гагарин атындағы саябақта «Әлем. Бала» кешенді бағдарлама шеңберінде «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен Гагарин атындағы саябақта «Тамаша демалыс» қалалық жазғы жобасының спорттық туры өткізілді ( жоба 2 турдан тұрады).
Спорттық турдың мақсаты - дене қабілетін дамыту, спортқа сүйіспеншілігін баулу жазғы демалыс кезеңінде қала мектептерінің жасөспірімдері және балалардың бос уақытын қамтуды қамтамасыз ету.
Байқауға 22 қала мектептерінің мектеп жанындағы лагерлерінің 24 әртүрлі жастағы командалары (№ 1, 2, 4, 5, 7, 9, 13, 14, 16, 23, 26, 27, 28, 29, 30, 33, 35, 36, 40, 41, 42, 43 ЖОМ) қатысты.
1 турда командалар ептілікке, жылдамдыққа, күштілік және тапқырлыққа жарысты. Қатысушылар спорттық рухты, күштілікті және ептілікті көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша I орын № 28 ЖОМ мектеп жанындағы лагері, II орын - № 9 ЖОМ «Барсы» командасы, III орын - № 17 ЖОМ «Жауынгер» командасы алды.
«Ең тату команда» номинациясын № 1 ЖОМ «Айбар» командасы және үздік спорттық дағдылар мен ұйымшылдық көрсеткен «В здоровом теле, здоровый дух» номинациясын № 27 ЖОМ «Звезды спорта» командасы.
Құрмет грмотасымен марапатталды.Байқауда жеңілгендер болған жоқ барлық қатысушылар грамотамен марапатталды және сергектік күшін алып,жақсы көңіл-күймен қайтты.