ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Музыканың ертегі әлеміне саяхат
08-06-2018 11:17
Музыканың ертегі әлеміне саяхат

Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде қаланың жалпы білім беретін мектептері жанындағы лагерьлері үшін «Музыкалық палитра» балалар филормониясының жазғы жобасы бастау алды. Жобаға музыка мектептерінің оқушылары мен педагогтары қатысады. Жоба бағдарламасында тақырыптық концерттер, конкурстар, ойындар қарастырылған.

Маусым «Музыканың жоғары мәртебесінде қонақта» концертімен ашылды. Шақырылған қонақтарға музыканың ертегі әлеміне қызықты саяхатқа баруды ұсынды. Сценарий ойын нысанында көне және заманауи аспаптармен танысуды болжады. Балалар адамның дауысы, ұрмалы, үрлемелі және клавишті аспаптар туралы көптеген аңыздар мен қызықты тарихтарды тыңдады. Тыңдаушыларға аспаптардың кең географиясы ғана емес, сондай-ақ музыкалық туындылардың жан-жақты стилі мен түрлері ұсынылды.

Илюстрациялаушы ретінде музыка дыбыстарының «өмірінен» сол немесе басқа оқиғаны мектебіміздің оқушылары Усина Нурай, Рауш Арианна, Лосева Дарья, Новосельцев Роман (вокал), Айтмагамбетов Тимур (маримбафон); Исанбаева Тамила (қобыз); Перминов Кирилл (баян); Ахметова Риза және Зубчик Василиса (фортепиано), Аубакиров Айдос, Бакытова Айшат, Каратай Нурбол (домбра), «Дженикс» ұрмалы-үрлемелі аспаптар ансамблі жарқын көрсетті.

Концертті ұйымдастырушы мектеп педагогы Светлана Леонидовна Рябовол «Оқушылар керемет көңіл-күймен, жаңа әсерлермен концерт залынан кетті. Бүгінгі алған білімдері мен әсерлері осындай кішкентай жүректерде «өседі» және болашақта, яғни ересек өмірде - оларды Музыканың жоғары мәртебесінің өмірінде белгі беретініне сенгіміз келеді», - деп атап өтті.