ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалардың шығармашылық әрекетін дамыту
08-06-2018 11:21
Балалардың шығармашылық әрекетін дамыту

2018 жылы 6 маусымда «Керемет» қалалық жоба шеңберінде «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен № 7 мектеп стадионында Астананың 20 жылдығына арналған «Ойын алаңы» спорттық-ізденіс ойыны өткізілді. Жобаның мақсаты - жазғы демалыс кезінде балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әрекетін дамыту, бейіндік шығармашылық топтар құру.

Жобаның 1 - турында (барлығы 4 тур) 330 оқушы қатысты (№ 2, 4, 7, 11, 13, 16, 17, 18, 23, 24, 28, 29, 33, 35, 37, 39, 40, 41, 43 ЖОМ).

Салтанатты жиында команда капитандарына бағыт қағаздары берілді, соған сәйкес қатысушылар финалға жылжыды. Спорттық алаңның барлық аумағындағы ағаш сабақтарына станция атаулары ілінді.

«Мозаика» станциясында балалар уақытқа әсерлі өрнектер текшеледі. «Лейся, песня дружно и слаженно» станциясында № 43 ЖОМ «Star»  командасы сүйікті әндерін орындады, № 17 мектеп қатысушылары өздерінің сүйікті мектептерінің әнұранын орындады. № 28, 7, 41, 18, 24 мектеп өкілдері «Визитная карточка» станциясы атауын,ұранын, эмблемасын ерекше ұсынды. «Олимп» спорттық станциясында  № 39, 29, 41, 7, 4 мектеп оқушылары ерекше құмарлықпен  доп лақтырды. «Шешіп көр» станциясында №17, 40 Кенжекөл мектептерінің оқушылары өте жақсы жұмбақ шешті. .

Әділ қазылар алқасы құрамындағы № 34 мектептің әкелер кеңесінің өкілі Конопля Вячеслав Александрович және  «Жас Отан» жастар қанатының өкілі  Асылғазиев Олжас Жалғасұлы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады. № 29 ЖОМ командасы I орынға, № 35 ЖОМ  командасы II орын, № 33 ЖОМ  командасы  III орынға ие болды. Белсенді қатысқаны үшін № 4, 7, 17, 18, 24, 37, 39, 40, 41, Кенжекөл командалары  грамоталармен марапатталды.