ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Көркемсурет мектебіндегі жазғы сабақтар
08-06-2018 11:26
Көркемсурет мектебіндегі жазғы сабақтар

 

Павлодар қаласы № 2 Балалар көркемсурет мектебінде 2018 жылдың 31 мамырынан 14 маусымға дейін мектебіміздің 400-ден аса оқушыларына арналған жазғы практика-пленэр жүргізілетін болады.

Пленэр-практика оқу бағдарламасының міндетті бөлігі болып табылады, онда оқушылар табиғат аясына шығып, қаланың көрікті жерлерін аралап, қала пейзажының суреттемелері мен этюдын, сонымен қатар әсем сәулетін бейнелеу мүмкіндігіне ие болады.

Жаз ең керемет және тамаша уақыт, сондықтан біздің жас дарындар жазғы табиғаттың қайталанбас көркінен және де гүл, ағаш, шөптердің сұлбасы мен түрінің пластикасы мен жарасымдылығынан білімдерін шыңдай алады, сондай-ақ заттың болмысы арқылы көшелер мен әртүрлі сәулет ғимараттардың келешегі мен ырғағын жеткізеді.

Ал маусым айында мектебімізде плэнерлік жұмыстардан орын алатын көрме практиканы қорытындылайтын болады.

Сонымен қатар 22 маусым 7 шілде аралығында мектеп шеберханаларында профильдік практика оқушыларына арналған ұстаздарымыздың авторлық бағдарламалары бойынша қосымша сабақтар өткізілетін болады.

Наталья Васильевна Герусова майлы бояу қолданылатын академиялық кескіндеме студиясын жүргізетін болады, Ольга Ивановна Ловина киізді жабағылау шеберханасын  ашуды ұйғарды, Анжелика Николаевна Бамбуляк акварель кескіндемесі студиясын, ал Татьяна Васильевна Ахметжанова пейзаж бөлімін ашты, Сәуле Бейбітхановна Пернебаева батик шеберханасымен, ал Оксана Валерьевна Сидоренко композиция және аралас техникамен жұмыс жасайтын болады, Валентина Петровна Степанко қағаз пластикасы бойынша, ал Жанар Ержановна Шайкеновна жұқа киіз бастырма бойынша сабақтарын жүргізбек, Александра Станиславовна Ловина-Самошкина күйіктас, ал Екатерина Александровна Одарчук түрлі түсті пластика жиынтығымен жұмыс жасайтын бедерлі  шеберханасын ашатын болады.

Профильдік практика қортындысы бойынша балалар жұмыстарынан көрме ашылатын болады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірнеше сыныптар арасында «Туған жерім» жобасы бойынша флоралық пейзаж құру және «Павлодар облысының ежелгі жартас суреттерін оқып білу» сияқты практикалық сабақтар жүргізілетін болады.

Ал профильдік лагерь бағдарламасына бейнелеу және түстер терапиясын қолдану сабақтары өтетін болады (монотипия әдісі, шала техникасы, бояуды үрлеу тәсілі).

Ал мектепке жақын маңда тұратын шағын аудан балалары үшін 2 маусымдық профильдік лагерь жұмыс жасайтын болады (22 маусым - 7 шілде және 9 - 21 шілде).

Лагерь бағдарламасы балалардың қол жетерлік табиғи шикізаттардан сәндік жұмыстарды орындаудағыең оңай түрлерін қолдана білуді үйрету бойынша сәндік қолданбалы өнер сабақтарын қосады. Бұл көркемсурет мектебінде оқымайтын балалар үшін таптырмас мүмкіндік, мұнда олар шығармашылықта өздерін сынап көре алады, сондай-ақ өнерге деген құлшыныстары арта түседі.

Жаз мезгілінің шілде айынан бастап мектеп оқушыларың Астана және сәндік қолданбалы өнер күніне арналған  пленэр, дипломдық жұмыстарынан көрме-саяхаты жалпы білім беру оқушылары мен ұстаздары үшін жұмыс жасайтын болады.

Жаз мезгілінде тілек білдірушілердің барлығы үшін сабақтар өткізілетін болады.