ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Музыкалық фестивальдің жарқын аяқталуы
11-06-2018 11:44
Музыкалық фестивальдің жарқын аяқталуы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі Павлодар қаласы Балалар музыкалық мектебінің «Ғасырлар шежіресі» бірлескен жобасы шеңберінде 2018 жылғы 4 маусымнан бастап 300-ге жуық жас музыкант «Мәңгілік елдің мәңгілік сарыны» фестивалінің концерт алаңында өздерінің орындау шеберліктері мен талантын көрсете білді.       

Музыкалық фестивальдің жабылуы 8 маусымда Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде гала-концертпен аяталды.

Қорытынды концертте Құрманғазы, Тәттімбет, Естай, Нұрғиса Тілендиев, Дәулеткерей, Ықылас, Сейдолла Байтерековтің шығармалары, заманауи өңдеуде жасалған қазақ күйлері мен халық әндері шырқалды. 

Фестиваль өз деңгейінде өтті. «Осындай іс-шаралар түрлі жанрларға деген қызығушылықты дамытуға септігін тигізіп ғана қоймай, сонымен қатар бірегей туындыларды, талғамы мол тыңдарман үшін барынша жеткізуге мүмкіндік береді», - деп басшының орынбасары Алтынай Нурумжановна Акимханова осылайша өз ойын білдірді.

Қобызшы, домбырашы, виолончель, саксофон, жетіген аспабтарында ойынайтын ансамбльдер бар өнерлерін жұрт назарына ұсынды.

Қорытынды гала-концерт ансамбльмен және жеке орындаудағы номерлермен есте қалды. Фестиваль соңында қаланың музыка мектептерінің хор және оркестрлық ұжымдары Сейдолла Байтерековтің «Сары Арқа» әнін тамылжыта орындады. Бұл орындау ұлттық нақыш пен патриоттық сезімге толы болды.

Өз кезегінде мектеп басшысы Ольга Лионидовна Бобровская: «Ұлы даланың ұландарын бір ортаға біріктіретін бұндай фестивальдарды өткізу алдағы уақытта дәстүрге айналуы тиіс» деп ойын түйіндеді.