ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас виртуоздардың Мәскеудегі женісі
14-06-2018 14:48
Жас виртуоздардың Мәскеудегі женісі

Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің оқушылары, Мәскеу қаласында өткен «Мы вместе» халықаралық интернет-конкурсының лауреаттары атанды.

Қазылар алқасы құрамында Шолохов атындағы Мәскеу Мемлекеттік гуманитарлық институтының эстрада-джаз бөлімінің меңгерушісі Виктор Иванович Забияко, Веронск Мемлекеттік Консерваторияның құрметті профессоры Александр Андреевич Добронравов, Ресей сазгерлер одағының мүшесі, сазгер, продюсер Валерий Игоревич Лавров, сазгер, Мәскеу Мемлекеттік Консерваториясының аға оқытушысы, сазгер, джаз пианисі, Ресей сазгерлер одағының мүшесі Антон Юрьевич Буканов балалардың дарын бейне орындаған өнерлерін, техникалық дайындығын жоғары бағалады.

Конкурстың қорытындысы бойынша Тимур Айтмағамбетов І дәрежелі лауреат, Алиса Чистова - ІІ дәрежелі, Давид Алин - ІІІ дәрежелі лауреат атанды.

Конкурста Тимур маримбамен Т. Базарбаевтың «Экспромт» пьссасын орындады, педагогы Александр Александрович Андрющенко. Алисаның орындауында көрермендер А. Гиллидің «Тихоокеанские пираты» пьессасын тыңдады, педагогы Ольга Леонидовна Бобровская. Дивид өз саксофонында  Г. Гладковтың «Проснись и пой» джаз композициясын орындады, педагогы Юрий Александрович Халимон.

Конкурсқа Мәскеу, Санкт-Петербург, Псков, Тула, Ханты-Мансийск автономды округы, Хабаровск өлкесі, Беларусия, Татарстананнан келген  900-ден астам жас музыкант қатысты.

Оқушылар бұл жеңістердің барлығын Астана қаласының мерейтойына арнағандарын жеткізді.